«Музейдегі түн-2019»

Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 9-шы қыркүйек күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында және Кеген ауданының 90 жылдығына сәйкес «Музейдегі түн-2019» жобасы ұйымдастырылды. Музей түнінде «Әрбір үйге еркеміз, суреттен сыр шертеміз» атты тақырыпта сурет көрмесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты Кеген ауданының тарихын терең ұғынып, рухани жаңғыртып, сана сілкінту. «Әркім музейден тағылым алуы тиіс» деген ұлағатты ұстанымды көпшіліктің бойларына сіңірту, әрі елдің назарын рухани музейге бұрып, жастарды өлкетануға шақыру. Негізгі шаралардан басқа шеберлік сабақтары, дидактикалық ойын минуттары және фуршет үстелі ұйымдастырылды. Ұлттық әуенмен көмкерілген, әсем сазды мәдени шараны тамашалаушылар музей қызметкерлері дайындаған шағын фуршеттен дәм ауыз тиіп, жылы лебіздерін білдіріп, фотосуреттерге түсіп тарқасты.

Экскурсия

11 сентября в Есикском археологическом краеведческом музее воспитанники областной специализированной школы-интерната для детей с нарушениями интеллекта г. Есик получили возможность бесплатно посетить выставку организованную в рамках акции" В дар музею".

«Ұмытылмас есімдер»

2019 жылдың қыркүйек айының 10-шы жұлдызында, Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері «Музей түні» жобасы аясында «Черкасск қорғанысы» күніне орай «Ұмытылмас есімдер» атты көрме өткізді. Көрмеде көтерілістің шығу себептері, Черкасск қорғанысына қатысқан елді мекендердің тарихы, жауынгерлердің ерліктері туралы мәліметтер айтылды.

«Ат әбзелдері»

11 сентября в Есикском археолого-краеведческом музее состоялся познавательный урок «Ат әбзелдері» в рамках статьи Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры». Поскольку жизнь кочевников напрямую связана с коневодством, использование его снаряжения также считается видом искусства. Обучение человеком диких лошадей и изобретение седла стало большим подспорьем для всемирной цивилизации. Школьникам была дана информация об использовании конной упряжки, им были показаны седло, уздечка, стремя и подхвостник из фонда музея.

"Рухы биік тұлға"

Ү.ж. 10 қыркүйегінде І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ақын, журналист, публицист, қоғам қайраткері Жамау Беркімбайұлы Бұқарбайевтың туғанына 70 жыл толуына орай "Рухы биік тұлға" атты тақырыпта танымдық сағат өтті.

«В дар музею»

10 сентября в Есикском археолого-краеведческом музее открылась выставка экспонатов, собранных в рамках выставки «В дар музею» на которой представлены экспонаты личного пользования жителя г. Есик, поэта и писателя Естеу Нусипбекова,наручные часы, очки, а также ручная мельница, глиняные сосуды, утюг и другие.. Данную выставку посетили школьники и жители города.

«Ұмытылмас есімдер»

2019 жылдың қыркүйек айының 10-шы жұлдызында, Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері «Черкасск қорғанысы» күніне орай, Черкасск соғысына қатысқан жауынгерлердің құрметіне арнап «Ұмытылмас есімдер» атты тақырыптық экскурсия өткізді. Экскурсия Черкасск орта мектебінің 9, 10 сынып оқушылар арасында «Черкасск қорғанысы» экспозициялық кешенінде, Черкасск қорғанысына қатысушылар және Черкасск қорғанысы әскерлерінің бірінші қолбасшысы Мстислав Никольскийдің жеке бөлмесі жайлы, қолбасшы Иван Венедиктовтің сейф - орындығы туралы көптеген мәліметтер айтылды. Оқушылар өте қызығушылықпен тыңдап, өздеріне көптеген мәліметтер алғандарын айтып, алғыстарын білдірді.

Экскурсия

Үстіміздегі жылдың 10 қыркүйегінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музей қызметкерлері "ПРАВО" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жан-жақты қолдауды қажет ететін кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге музей залдары бойынша тегін экскурсия жүргізді.

«Тұғыры биік нар тұлға»

2019 жылдың 10 қыркүйек күні Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Жаңалық ауылы Жаңалық негізгі орта мектебінде «Тұғыры биік нар тұлға» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: есімі ел есінде сақталған халқының біртуар ұлы Екі мәрте Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновтың халқына тигізген шарапатын, сіңірген еңбегін көрсету, азаматтық тұлғасын таныту. Аталмыш көрмені мектеп оқушылары, ұстаздары мен ауыл тұрғындары тамашалады.

«Қорғаныс батырлары»

2019 жылдың қыркүйек айының 9-шы жұлдызында Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері Черкасск орта мектебінің 8 және 10-сынып оқушыларына «Черкасск қорғанысы» күніне орай Черкасск қорғанысына қатысқан батыр сарбаздардың өмірбаяны мен ерлігі туралы «Қорғаныс батырлары» атты тақырыпта дәріс өткізді.