Қарттар күні

Өскелең ұрпаққа ұлағатты өсиетін айтып, ізінен ерген жас буынға ізетін аямайтын қарттар біздің асыл қазынамыз. Сондықтан оларға қашан да құрмет көрсету біздің басты парызымыз. Жылына бір рет келетін Қарттар күні мерекесіне орай І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері Ақсу ауылындағы бірнеше қарт кісілердің шаңырағына арнайы барып мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар табыстап қайтты.

«Қорғаныс батырлары»

2019 жылдың қазан айының 3-ші жұлдызында, Черкасск ауылдық округі мен мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Халықаралық қарттар күніне» арналған мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шараға Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері белсене қатысып, Черкасск қорғанысына қатысушыларға арналған «Қорғаныс батырлары» атты көрмені көпшілік назарына ұсынды. Сонымен қатар қазыналы қарттардың құрметіне «Черкасск қорғанысы» экспозициялық кешенінде «Ашық есік» күні өткізілді.

«Қарты бардың қазынасы бар»

2019 жылдың 3 қазан күні Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай «Қарты бардың қазынасы бар» атты іс-шара өткізілді. Шараның мақсаты: көпті көрген қарияларымыздың өмір жолымен таныса отырып, жастардың бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, ата – ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сынды қасиеттерді дарыта білу, аяулы қарттарымызға құрмет көрсету болып табылады. Шара барысында ауыл қарттары арнайы шақырылып, мәдениет үйі қызметкерлері әннен шашу шашып, Байысов атындағы орта мектеп оқушылары өлең оқып, күй шертті. Сонымен қатар тақырыпқа сай бейнефильм көрсетілді. Шара соңында музей залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, музей қызметкерлері мен оқушыларға қарттарымыз өз ризашылықтарын білдіріп, бата берді.

"Дала көсемдерінің қазыналары"

3 октября 2019 года в Есикском археолого-краеведческом музее для воспитанников школы-интерната для слабозрячих был прочитан рассказ "Дала көсемдерінің қазыналары". Была дана информация о курганах Есик, Аралтобе, Берел и Шиликти. В завершение была проведена экскурсия по залам музея.

«Қарттарым асыл қазынам»

2 октября 2019 года в Иссыкском археолого - краеведческом музее было организовано мероприятие «Қарттарым асыл қазынам», посвященное Дню пожилых людей. В ходе мероприятия бабушки из ансамбля «Золотой человек» встретились с учащимися средней школы имени Р.Токатаева и подробно рассказали о традициях и обычаях казахского народа.

«Қазақ прозасының майталманы»

Үстіміздегі жылдың қазан айының 3-де Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Б. Майлиннің 125 жылдығына орай, «Қазақ прозасының майталманы» тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті. Кеш барысында оқушыларға Б. Майлин туралы деректі фильм және видеоролик көрсетіліп, көптеген деректер айтылды. Музей меңгерушісі қаламгердің қара ормандай халқына қалдырып кеткен шұрайлы шығармалары ұрпақтан ұрпаққа аманат болатынын айтып сөзін түйіндеді.

«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы»

2 қазан күні Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері Черкасск орта мектебінің 5- 6 сынып оқушыларына Ұстаздар күніне орай «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» атты танымдық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушыларға білім саласында жылдар бойы еңбек еткен ауданнан шыққан ұлағатты ұстаздардың еңбек жолы таныстырылып, экспозициялық комплекс бойынша экскурсияжүргізілді.

«Киелі жерге тағзым – ұлт құндылығы»

2019 жылдың 2 қазан күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Киелі жерге тағзым – ұлт құндылығы » атты ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференцияның мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстары арқылы рухани және ағарту саласын дамыту, Алакөл ауданының киелі жерлерін насихаттау. Конференцияға Қазақ Ұлттық университетінің аға оқытушысы Р.С.Жұматаев, Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының қызметкері С.Қ.Мүлкібаев, «М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК орынбасары К.Б.Исабекова , Алакөл ауданы әкімінің орынбасары А.С.Абдинов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г.Ж.Жексенбаева, Қабанбай ауылдық округінің әкімі Қ.Қ.Қабдылдаев, Алакөл аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Ұ.Б.Дүйсебаева және Қабанбай ауылының мекеме басшылары мен тарихшы, өлкетанушы ұстаздар қатысты. Конференцияның ашылу салтанаты музейде өткізіліп, қонақтарға...

«Бабалардың ерлігі – тәуелсіздіктің тірегі»

2019 жылдың 2 қазан күні Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы батыр баба - Балпық бидің 325 жылдығын атап өтті. Татулықтың ордасындай болып, достықтың туын желбіретіп келе жатқан өңір – «Әулиелер мекеніне» облыс орталығы Талдықорған қаласынан, Алматыдан, аудандардан Балпық би бабаның 325 жылдығына орай ұйымдастырылатын «Бабалардың ерлігі – тәуелсіздіктің тірегі» атты шарасына делегация өкілдері келді. Келген қонақтар Үштөбе қаласын аралап, М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі безендірген батырлар қару-жарақ көшпелі көрмесін тамашалады. Балпық би бабамыздың дулығасы келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Артынша, қонақтар аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиында бас қосты.

"Құрметтейік қарттарды"

1 қазан – Қарттар күніне орай , Шелек тарихи -өлкетану музейі мен Шелек ауылдық əкімшілігінің ұйымдастыруымен, "Құрметтейік қарттарды " атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Шараны ұйымдастырудағы мақсат: көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін жастардың бойына сіңіріп, ата-баба аманатына адал, еңбекқор болуға жастарды баулу болды.