Ақын Мақпал Мысамен кездесу

Ү.ж. 5 тамыз күні Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде өскелең ұрпақты рухани және адамгершілік құндылыққа тарту, ұлттық өнерімізді дәріптеп, беделін арттыру, ақындық бағытты студенттер арасында кеңінен насихаттау, ұлт әдебиетінің бүгінгі өкілдерін жастар арасында дәріптеу мақсатында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, ақын Мақпал Мысамен кездесу өтті. Шараға қатысушылар кездесу барысында сырласып ой бөлісумен қатар, ізбасар жастардың жыр-шашуына куә болып қайтты.

Экскурсия

Есік археологиялық - өлкетану музейіне кадеттер арасында күрес бойынша Қазақстан құрамасының мүшелері мен Ресей Федерациясының Сургут қаласынан команда өкілдері арнайы келіп, музей экспозициясымен танысып қайтты.

«Жыр дүлдүлі-Ілияс»

Ү. ж. 22 шілдесінде І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ақын, жазушы, қоғам қайраткері І.Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына орай, Ақсу ауылдық кітапханасы залында, кітапхана оқырмандарына арнайы «Жыр дүлдүлі-Ілияс» атты тақырыпта ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған дәріс оқылды.

Экскурсия

Ү.ж. 4 тамыз күні Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейіне Алматы қаласынан композитор, ақын Бауыржан Есебаев және Кербұлақ ауданының тумасы, айтыскер Балғынбек Имашев бастаған түсірілім тобы келіп, музей экспозициясы бойынша экскурсиямен танысып қайтты.

«Ұлттық құндылықтарымыз – рухани жаңғырудың негізі»

Қасиетті жұма күні Кеген ауданындағы Тоғызбұлақ ауылы үшін ұмытылмас күндердің бірі болып қалды. Осы өңірден шыққан әнші, композитор, ақын әрі ағартушы дара тұлға Қапез Байғабылұлының 123 жылдығына арналған ауқымды еске алу шаралары болып өтті. Осыған орай, Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейі жұрт назарына «Ұлттық құндылықтарымыз – рухани жаңғырудың негізі» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырып, ауыл тұрғындары мен қонақтарын экскурсиямен таныстырды.

"Тарих тағылымы"

Ү.ж. 5 тамыз күні Ақын Сараның мемориалды музейінде "Тамшыбұлақ" жазғы демалыс лагері балаларына "Тарих тағылымы" атты дәріс өткізілді. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Барлыбек Сырттановтың өмір жолымен және ел үшін атқарған елеулі еңбектерімен танысып қайтты.

«Бақытты жанұя – бақытты ел»

Үстіміздегі жылдың 2 тамызында, Қарасай ауданының тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Бақытты жанұя – бақытты ел» атты әлеуметтік жағдайы төмен отбасына тегін экскурсия жүргізді. Экскурсияның мақсаты балалардың бойына отбасына деген сүйіспеншілікті ұялата отырып, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, тәрбиенің алғашқы алтын қазығы өз туған ұясы екенін жете түсіндіру. Балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

«Ат әбзелдері, атаулары және қолданылу тәсілдері»

Ағымдағы жылдың 2-тамызы күні, Батыр бабалар мемориалды кешенінің қызметкерлері, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай, Іле ауданы, Чапаев ауылындағы №10 мектеп жанындағы жазғы лагерь оқушыларына «Ат әбзелдері, атаулары және қолданылу тәсілдері» атты тақырыптық экскурсия жүргізді. Экскурсия барысында, арнайы дайындалған слайд-шоу көмегімен және музей экспозициясынан орын алған ат әбзелдерінің бірі – құранды ер мен қазақы ер түрлері таныстырылып, олардың атаулары сондай-ақ, жасалу технологиясы жайында түсіндірілді.

Экскурсия

Ү.ж. тамыз айының 2 күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Алматы облысының жұмыспен үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы "Шуақ" Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мен қызмет алушыларына музей залдары бойынша жалпы экскурсия жүргізілді.