Мұқан Төлебаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы экскурсия

Ү.ж. тамыз айының 14 күні Талдықорған қаласынан аранйы келген «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне композитор, Халық артисі Мұқан Төлебаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы экскурсия жүргізіліп, музей экспозициясы таныстырылды.

«Жастар – жарқын болашақ бастауы»

Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде «Жастар – жарқын болашақ бастауы» атты әңгіме-сұхбат өткізіліп, Жетісу өңірінің жас ақын-жазушыларының шығармашылығынан сыр шертетін «Ел ертеңі - жастар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды.

"Ер қаруы - бес қару"

Үстіміздегі жылдың тамыз айының 12-сі күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері "Тамшыбұлақ" жазғы демалыс лагерінің балаларына "Ер қаруы - бес қару" атты дәріс оқыды. Ата-бабаларымыз қолданған бес қарудың мақсаты түсіндіріліп, тарихқа шолу жасалды.

Қытай жерінде Қазақстан музейлерінің жоғарғы буын басшыларына арналған семинар

Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының елшілігі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесе отырып екі елдің музейлері арасындағы мәдени-гуманитарлық тәжірибе алмасуды тереңдету және ынтымақтастықты кеңейту мақсатында 2019 жылдың 30-шы шілде – 8-ші тамыз аралығында Қытай жерінде Қазақстан музейлерінің жоғарғы буын басшыларына арналған семинар ұйымдастырылып, оған республиканың барлық өңірлеріндегі облыстық тарихи-өлкетану музейлерінің мамандары қатысты. Теориялық және практикалық оқулар Пекин, Синин, Ланьчжоу қалаларының жетекші музейлерінде өткізілді. Аталмыш семинарды Қытай мемлекетінің мәдениет және туризм министрлігіне қарасты Басқарма кадрларының орталық академиясы ұйымдастырды. Семинарға қатысушылар Қытайдың Астаналық, Ұлттық, Гугун, Ұлттық өнер, Ганьсу провинциясының, Цинхай провинциясының музейлері мен Ұлы Қытай қорғаны, Цинхай көлі мен Таэрсы храмын тамашалап, өңір басшыларымен кездесіп, Қытай музейлерінің тарихы туралы лекцияларды тыңдады...

Нұрғали Нүсіпжанов Жаркент мешіті сәулет-көркемөнер музейіне арнайы келіп музей экспозициясымен танысып қайтты.

2019 жылдың 10 тамыз күні Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов Жаркент мешіті сәулет-көркемөнер музейіне арнайы келіп музей экспозициясыментанысып қайтты.

Аңыздар кеші

Қазақ.халқының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының бір саласы – аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен.«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде,аталмыш тақырыпқа орай, өз туған жерінің, өлкесінің тарихын білу мақсатында,І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері жас ұрпаққа Ақсу өңірінің киелі жерлерінің аңыз-әңгімелерін, әдеби мұрасын насихаттау барысында аңыздар кешін ұйымдастырды.

"Үлкеннен - ұлағат, кішіден - ілтипат"

Анаға құрмет музейінде Қарасай ауданының ардақты анасы Ұлтарақова Зәурегүл Раушанқызының қатысуымен "Үлкеннен - ұлағат, кішіден - ілтипат" атты тақырыпта "Күлиман ана" медресе оқушыларымен тағлымы мол кездесу ұйымдастырылды.

Экскурсия

Ү.ж. 7 шілде күні Ақын Сараның мемориалды музейінде "Тамшыбұлақ" жазғы демалыс лагерь балаларына танымдық ойын ұйымдастырылып, музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.

«Алаштың асыл мұраты»

Сарқан ауданының тарихы музейінде жаздық лагерь оқушыларына Алаш қайраткері Жұмахан Күдериннің өмірі мен қызметіне арналған «Алаштың асыл мұраты» атты тақырыптық экскурсия жүргізілді.