«Домбыраға тіл бітсе...» атты тақырыпта мәдени іс-шара

Ағымдағы жылдың 8-шілдесі күні, Батыр бабалар мемориалды музейі қызметкерлері шілде айының алғашқы жексенбісі домбыра күніне орай, Қарасай ауданы, Қайнар орта мектебі жанындағы лагерь оқушыларына «Домбыраға тіл бітсе...» атты тақырыпта мәдени іс-шара ұйымдастырды. Шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа домбыраның қазақ халқының ерте замандардан қолданылып келе жатқан бірден-бір ұлттық музыкалық аспабы екендігін түсіндіру және домбыраның көмегімен атақты – Құрманғазы, Дина сияқты дәулескер күйшілер мен жыр алыбы – Сүйінбай, Жамбыл сынды т.б. ақындардың жеткен жетістіктері жайында түсіндіру болды.

«Астана келбеті – Ұлт келбеті»

2019 жылдың 5-шілдесі күні, Батыр бабалар мемориалы қызметкерлері, Қарасай батыр мектебі жанындағы лагерь оқушыларына Нұр-Сұлтан қаласы күніне орай, «Астана келбеті – Ұлт келбеті» атты тақырыпта дәріс оқыды. Дәріс барысында арнайы дайындалған слайд-шоулардың көмегімен Нұр-Сұлтан қаласының өткені мен бүгінгі келбеті жайындағы фотоматериалдар көрсетіліп, елордасы – Астанананың бүгінгі жай-күйі жайында баяндалды.

"Тіршіліктің тірегі сен - Жер Ана"

9-шы шілде күні Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінде №1орта мектептің жазғы лагерь демалысында жүрген оқушыларына "Тіршіліктің тірегі сен - Жер Ана" атты танымдық ойындар өткізілді. Жердің аспан әлеміндегі орны, оның адамзат үшін маңыздылығын оқушыларға ойын арқылы жеткізді. Ойынға балалар белсене қатысып, өз ептіліктерін, білімділіктерін көрсетіп, шара соңында сыйлықтарға ие болып, көңілді тарқасты.

«Ашық есік күні»

2019 жылдың шілде айынының 5 – ші жұлдызында, Нұр – Сұлтан қаласының туған күніне орай Сарқан ауданының тарихи музейінде «Ашық есік күні»өткізілді. Келушілер музей залдары және жаңа экспонаттармен танысты.

"Нұр-Сұлтан- қазақ елінің жүрегі"

Жер бетіндегі Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан Нұр-Сұлтан – Еуразия мен Азияны жалғастырушы алтын көпір, қақпаның кілті болса, күллі қазақ халқының – жүрегі және өзге елдермен терезесі тең, болашағы айқын және жұлдызы жарық қалалар қатарына қосылды. Нұр-Сұлтанның осындай жетістікке жетуі, тұғырлы тәуелсіздік пен тұңғыш Елбасымыздың қол жеткізген биік белестерінің арқасы. Сондай-ақ армандар орындалатын, дамушы Қазақстанның жарқын жетістіктерінің нышаны.6 – шілде Астана күніне орай І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Нұр-Сұлтан- қазақ елінің жүрегі" атты фотосурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрме еліміздің бас қаласының тарихы, қазіргі келбеті, жетістіктері, даму бағыттары, ескертікіштері мен сәулет ғимараттары туралы мәлімет беретін суреттер жиынтығынан құралды.

«АРАЙЛЫ АСТАНАМ»

5 шілдеде Ү. Кәрібаев музейі Үмбетәлі мектебінің жазғы лагерь балаларымен Нұрсұлтан қаласының туған күніне орай «АРАЙЛЫ АСТАНАМ» атты іс-шара өткізді. Музей меңгерушісі Ә. Искаков Астана атауының өзгеруіне орай әңгімелеп, оқушылар өздері алып келген Нұрсұлтан қаласының көрікті жерлерінен фото коллаж жасады.

«М.Төлебаевтың операсы»

Ақын Сараның мемориалды музейінің «Тәуелсіздік» залында «Біржан-Сара» атты операның дүниеге келгеніне 75 жыл толуына арналған «М.Төлебаевтың операсы» атты лекция өткізілді. Музей қызметкерлері «Біржан и Сара» атты операның шығу тарихын айтып, М.Төлебаевтың​ өмірбаяны мен басқада да шығармаларына тоқталды.​ Музей залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, балалармен ойындар ойнатылды.

«Нур-Султан – город будущего»

5-го июля текущего года, в преддверии Дня столицы, сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района провели совместно с членами партии «Нур Отан» Карасайского филиала круглый стол на тему «Нур-Султан – город будущего». В мероприятии приняли участие почетные граждане района, одноклассники Первого Президента РК Нурсултана Абишевича и молодые учителя школ города Каскелен, собравшиеся с воодушевлением делились своими мнениями о новом названии города, его процветании и о заслугах Елбасы Н.А. Назарбаева в строительстве северной столицы и ее достопримечательностях. Мероприятие прошло в теплой и позитивной атмосфере.

«Алты алашқа тәж қала»

5 шілде күні Қабанбай батыр атындағы тарихи -өлкетану музейінде Нұр-Сұлтан қаласы күніне орай «Алты алашқа тәж қала» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Шарада оқушылар Нұр-Сұлтан қаласының тарихымен және қаланың шежіресімен танысып қайтты.

«Домбыра – ұлттық қазына»

Үстіміздегі жылдың 4 шілдесінде Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – ұлттық қазына» атты танымдық шара өткізілді. Шараның мақсаты домбыра аспабының құрылысымен, шығу тарихымен таныстыра отырып, домбыраның ән-күй өнеріндегі алатын орны жайлы баяндау.