Ұжым жиналысының хаттамасы №2
Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық қазынашылық мемлекеттік кәсіпорны
Ұжым жиналысының хаттамасы №2
Талдықорғанқ. «11» қыркүйек 2025 жыл
Талдықорған қаласы, Абай көшесі, «Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы Жетісу облыстық тарихи-өлкетану мұражайы».
ТАҚЫРЫБЫ:
«Жетісу облысыныңы әкім аппаратына келіп түскен Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуратурасымен анықталған Жетісу облысы білім беру мекемелері мен әкімдігінің жекелеген қызметкерлерін әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілерінің негізіндегі кеден заңнамасының сақталуы, сондай- ақсыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келетін деректерге жол бермеу мәселелері бойынша».
ҚАТЫСҚАНДАР:
Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі» КҚМК-ның (бұдан әрі – Музей):
Панфилов ауданы, Жаркент қаласындағы «Жаркент мешіті» сәулет-көркем мұражайы қызметкерлері;
Панфилов ауданы, Жаркент қаласындағы «Әскер даңқ мұражайы» қызметкерлері (комплаенс қызметкері).
ТЫҢДАЛДЫ:
Комплаенс офицері М.Жасузаков:
«Жетісу облысыәкім аппаратына Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Бас көлік прокуратурасынан Жетісу облысының әкімдігінің бағынысындағы ведомствалық мекемелердің қызметкерлерімен төменде көрсетілген мән жайлар бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу ұсынылды. Яғни, Бас көлік прокуратурасы Жетісу облысы білім беру мекемелері мен әкімдігінің жекелеген қызметкерлерін әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілерін анықтады. Аталған тұлғалар белгісіз тұлғалардың өтініші бойынша жеке басынкуәландыру үшін тауарларды ақылы негізде рәсімдеп, МКПС «Қорғас» кеден бекеті арқылы өткізгені анықталды.Бұл әрекеттер кедендік рәсімдерді айналып өту арқылы жүзеге асырылды, бұл жосықсыз сыртқы экономикалық қызмет субъектілеріне жеке тұлғалардың атынжамылып, коммерциялық партияларды (полиция қызметкерлерінің нысаны)тауарларды кедендік ресімдеу үшін басқа адамдардың жеке деректерін пайдалануға мүмкіндік берді, осылайша «сұр импорт схемасын жүзеге асырады. Кедендік бақылау нәтижелері бойынша аталған қызметкерлерге қатысты әкімшілік хаттамалар жасалып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 551-бабы (Тауарларды декларацияламау немесе анық емес кедендік декларациялау) бойынша жазалар қолданылды.Айта кету керек, мұндай әрекеттер кеден заңнамасының талаптарын бұзадыжәне мұндай схемалардың болуына мүмкіндік береді.
Жоғарыда көрсетілген мән жайлар, заң бұзушылықтар Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы келетін негізгі қағидаларға қайшы келгендіктен, соның салдарынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігіне алып келуі мүмкін. Сол себептен Музей жұмыс барысында, оның қызметкерлерімен, мемлекеттік қазынашылық қәсіпорында жұмыс атқарғандықтанзаңдылық пен әділеттілік қағидаттары қатан сақталып, жоғарыда көрсетілгендей бұзушылықтардың орын алуына жол берілмеу керек.»
Комплаенс офицер__________________М.Жасузаков