Ғылыми жоба аясында Археология институтынан мамандар келді
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкерлері А. Айтбаева мен А. Құмарбаева “Жетісудың ерте темір дәуірінен этнографиялық кезеңге дейін әйелдердің метал әшекейлері: ерекшеліктері мен сабақтастықтары” жобасы шеңберінде облыстық өлкетану музейіне келді. Жоба мақсаттарының бірі - ерте темір дәуірінен бастап этнографиялық кезеңге дейінгі жерлеу орындарынан табылған әйел металл әшекейлерін қазақ ұлттық әшекейлерімен салыстыра отырып, сабақтастықты анықтау және деректер базасын жинау.
