ВЫСТАВКИ

Еңбекпен өрілген гүл ғұмыр

Еңбекпен өрілген гүл ғұмыр

Биыл Социалистік Еңбек Ері, ел еңбегінің даңқын асқақтатқан ардақты тұлға Зылиха Тамшыбаеваның туғанына 90 жыл.

Осы айтулы датаға орай Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Еңбекпен өрілген гүл ғұмыр» атты ғылыми-мерейтойлық конференция өтті.

Тағылымды шара аясында Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі арнайы жылжымалы көрмесін көпшілік назарына ұсынды.

Көрмеден Зылиха Тамшыбаеваның ғибратты ғұмырынан сыр шертетін жеке заттары, құжаттары, фотосуреттері және тарихи жәдігерлері қойылды. Көрмені Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев, зиялы қауым өкілдері, облыс тұрғындары, конференция қонақтары тамашалады. 

Әрбір жәдігер — ел тарихында өзіндік із қалдырған еңбек адамының өмір жолынан, қажыр-қайраты мен маңдай терімен жеткен биігінен сыр шертеді.

Зылиха Тамшыбаеваның тағылымды ғұмыры — еңбекке адалдықтың, елге қызмет етудің және маңдай термен жеткен абыройдың жарқын үлгісі.

Еңбекпен өрілген ғұмыр - ел жадында!

Музей редакциясы