ВЫСТАВКИ

«Қазақтың әскери мұрасы» атты жылжымалы көрме

«Қазақтың әскери мұрасы» атты жылжымалы көрме

​Ата-бабаларымыз осынау ұлан-ғайыр жерді ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Ал, осы Ұлы Даланы жаудан қорғап, ел тәуелсіздігін сақтауда қазақтың дәстүрлі қару-жарақ түрлері мен қорғаныс киімдерінің маңызы ерекше болды. Олардың қатарында: қылыш, шоқпар, сойыл, айбалта, найза, садақ және тағы басқалар жатады.

 12 желтоқсан күні М.Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі № 29 орта мектеп-лицейінде «Қазақтың әскери мұрасы» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.   Экскурсия барысында қару-жарақтың тарихы мен маңыздылығы айтылды.