Жазғы демалыс лагерінің балаларына музей бойынша тегін экскурсия жүргізілді
25 маусым күні Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейіне Талдықорған қаласының әр мектебінен, сондай-ақ Ақсу, Кербұлақ, Сарқан, Көксу, Ескелді, Қаратал аудандары мен Текелі қаласынан арнайы келген 500 оқушыға музей залдары бойынша тегін экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында өткен күннің куәсі саналатын жәдігер таныстырылып, туған өлкенің тарихы, салт-дәстүрі мен мәдениеті, әр дәуірдің маңызды оқиғалары туралы мәлімет алды.
