Сайын Мұратбековтің мерейтойлық конференциясына орай көрме ұйымдастырылды
Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, сыршыл жазушы Сайын Мұратбековтің туғанына 90 жыл толып отыр. Осы мерейлі датаға орай Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен «Сайын даланың Сайыны» атты мерейтойлық конференция өтті.
Тағылымды шара аясында Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі арнайы көрме ұйымдастырды. Көрмеге қаламгердің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін жеке заттары, өзі тұтынған бұйымдары, құжаттары, фотосуреттері мен қолжазбалары қойылды.
Көрмені конференцияға келген қонақтар, ақын-жазушылар, зиялы-қауым өкілдері, мәдениет қызметкерлері, қаламгердің ұрпақтары мен туыстары тамашалады.
Жазушының көзі тірісінде қолданған заттары мен қолжазбалары – оның шығармашылық әлемінен сыр шертіп, оқырманды қаламгердің рухани мұрасымен жақындастыратын құнды жәдігерлер. Көрме келушілерге Сайын Мұратбековтің өмір жолы мен әдеби мұрасын тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді.
Музей редакциясы
#көрме #сайынмұратбеков #әдебиет #тарих #музей
