НОВОСТИ

Талдықорғанда айтыс ақындарының мерейтойларына орай жылжымалы көрме ұйымдастырылды

Талдықорғанда айтыс ақындарының мерейтойларына орай жылжымалы көрме ұйымдастырылды

Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен Б.Римова атындағы академиялық драма тетрында қазақ айтыс өнерінің көрнекті өкілдері Қалқа Жапсарбаевтың 140, Темірғали Рүстембековтің 120, Әбікен Сарыбаевтың 100 және Қанша Раисованың 70 жылдығына орай «Айтыстың ақтаңгерлері» атты конференция өтті. Осының аясында Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі жылжымалы көрме ұйымдастырды. 

Көрмеге ақындарыдың өздері ұстаған домбыралары, қолжазбалары, жеке заттары, фотосуреттері мен құжаттары көпшілік назарына ұсынылды.

Көрмені конференцияға келген зиялы-қауым өкілдері, қонақтар, қала тұрғындары тамашалады.

Музей редакциясы