"Знакомство с пауками"

ВПЕРВЫЕ В КАЗАХСТАНЕ! Самая познавательная выставка о мире пауков "Знакомство с пауками"! Приходите и получите радость от знакомства с пауками, узнайте правду о пауках и перестаньте их бояться. Вы увидете 30 самых больших пауков на земле! Узнаете с какими пауками Вы живете по соседству и опасны ли они. Будете удивлены тем, что они не представляют угрозу для человека. Узнаете, как вести себя при встрече с пауком. А тех, кто страдает арахнофобией мы вылечим, если вы захотите расстаться со своим страхом и жить в дружбе с пауком. Организатор продемонстрирует правила безопасности при контакте с пауком на примере самого ядовитого паука из Африки Паука-бабуина (Harpactirinae) взяв его на руки. Видео как безопасно контактировать с Каракуртом на нашей странице в Instagram: @znakomstvo_s_paukami. Приходите на выставку, Вы будете в восторге от увиденного. С 12 ФЕВРАЛЯ ПО 15 МАРТА г. Талдыкорган Ул. Абая, 245. Алматинский областной историко-краеведческий музей им...

«Қыш құмыралар заманы»

6-го февраля текущего года сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района провели познавательный урок «Қыш құмыралар заманы» для учащихся 6-х классов средней школы имени А.С. Пушкина. Учащихся познакомили с историей возникновения глиняных сосудов и посуды, а также представили глиняные экспонаты музея. Кроме того, дана информация о свойствах глины и ее роли в хозяйстве оседлых племен Казахстана.

«Музеймен танысу»

Үстіміздегі жылдың 6-шы ақпанында Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері «Жас экскурсия жүргізуші» үйірмесінің оқушыларымен «Музеймен танысу» атты тақырыбында алғашқы сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушылар музейдің тарихымен, даму сатыларымен, түрлерімен, музейге қатысты терминдермен танысты. Оқушылар назарына Алматы облысының музейлері туралы слайд пен бейнеролик көрсетілді. Сабаққа бар ынталарымен қатысқан балалар өз ойларын да ортаға салды.

«Алатау ақындары»

Ү.ж. 4 ақпан күні Ү. Кәрібаев музейінің ұйымдастыруымен Сарыбастау орта мектебінде «Алатау ақындары» жобасының мүшесі Есенқұл Жақыпбектің 66 жылдығына арналған облыстық жас ақындар айтысы өтті. Дүбірлі додаға 8 ауданнан келген ақындар қатысты. Нәтижесінде республикалық айтыстардың жеңімпазы, Алматы қаласының тұрғыны Мөлдір Айтбай бас жүлдені, Жамбыл ауданының ақыны Сатыпалды Әмір бірінші орынмен иеленді. Екінші орын алматылық Нұрбол Жауынбаев пен Жамбыл аудандық Айым Асылбекқызына бұйырды. Үшінші орынды Жамбыл аудандық Ерасыл Жұмабек, Райымбек аудандық Жамали Айбын, Кеген аудандық Сауытбек Расул, Талғар аудандық Нұрислам Абитилда алды. Қатысқан барша ақындар арнайы жүлдемен, Құрмет грамотасымен марапатталып, сондай-ақ ақындарға Ү.Кәрібаев музейі тарапынан арнайы сыйлықтар берілді.

"Ұлттық бұйымдар сыр шертеді"

Ү.ж ақпан айының 5 күні І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Ұлттық бұйымдар сыр шертеді" атты көрме ұйымдастырылды. Көрме - Халқымыздың қайнар көзі – қазақтың ұлттық бұйымдары туралы жас ұрпаққа мол мағлұматтар бере отырып, олардың шығу, жасалу, қолданылу тарихы туралы сыр шерту, сонымен қатар балалардың ұлттық бұйымға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

"Мұқағали жырлары-қазақ поэзиясының жауһары"

2020 жылдың 4-ші ақпан күні Шелек тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, мәдениет үйі, ауылдық кітапхана қызметкерлерімен бірлесе отырып ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай,"Мұқағали жырлары-қазақ поэзиясының жауһары" атты тақырыпта әдеби кеш ұйымдастырды.Кеште ақынның өмірі мен шығармашылығы, артында қалдырған мол мұрасы жайында мағлұмат беріліп, әндері мен өлеңдері орындалды.Кеш соңында"Мұқағали -қазақ жырының Хантәңірі"атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

"Асылдың сынығы"

Үстіміздегі жылдың 3 –ші ақпан күні Ү. Карібаев музейінде халық ақыны, Ү. Кәрібаевтың қызы Әлия Үмбетәлинаның 70 жасқа толуына орай "Асылдың сынығы" атты кездесу кеші өтті. Жиынға Жамбыл аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, ауыл ақсақалдары мен ауыл әкімдігінің қызметкерлері қатысты.

«Туған жерге саяхат»

Ү.ж 5 ақпан күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Туған жерге саяхат» атты танымдық сабақ өткізілді. Сабақ барысында Жыланды мектеп-лицейінің 8 сынып оқушылары Алакөл өңірінен шыққан ақын - жазушылардың еңбектерімен танысып, ауданымыздың тарихы, табиғат байлығы туралы мағлұмат алды.

"Абай дана, Абай дара - қазақта"

Үстіміздегі жылдың 5 ақпан күні Есік археологиялық - өлкетану музейінде, қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай "Абай дана, Абай дара - қазақта" тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Шараға Қ.Сәтпаев атындағы мектебінің 2,6,10 сынып оқушылары қатысты. Абай атамыздың өлеңдері оқылып, "Ескендір" поэмасына әдеби шолу жасалды. Соңында "Желсіз түнде жарық ай" әні шырқалып, күй орындалды.

«Өткен күннен естелік»

Бүгінгі таңда әр адамда камера мен телефон бар, сондықтан сізге пленка шығарып, фото қағаздар мен фотохимиялық материалдарды сатып алудың қажеті жоқ. Ал осыдан бір неше жылдар бұрын бәрі басқаша болған. Сымсыз телефоннан көшеде келе жатып қоңырау шалу ертегілер әлемінен секілді еді. Біздің аталарымыз қандай құрылғылармен қолданғандарын Ақын Сараның мемориалды музейінде құрылған «Өткен күннен естелік» атты көрмеден көруге болады. Көрме 2020 жыл 30 қаңтарда жұмысын бастады.