"Жаратылыс сыры"

2020 жылдың 3 ақпанында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде "Жаратылыс сыры" атты ақын шығармаларын насихаттау мақсатында Қайназар орта мектебінің 7-сынып оқушыларына баяндама оқылды. Мақсаты жыр алыбының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елін сүюге тәрбиелеу.

«Сараның сара жолы»

Үстіміздегі жылдың 3 ақпанында Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Ғали Орманов атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларына «Сараның сара жолы» атты лекция оқыды. Лекцияда Ақын Сараның өмір жолы, шығармашылығы, Біржан Салмен айтысы баяндалды. Оқушылар да өз тараптарынан ойларын ортаға салып, көп мағлұмат алды.

«Ұлы даланың-Ұлы тұлғалары»

Үстіміздегі жылдың 30 қаңтарында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Ұлы даланың-Ұлы тұлғалары» атты фотосурет көрмесі ұйымдастырылды. Аталмыш көрме кең байтақ қазақ жерінен қаншама ұлы адамдар шыққанын, және ​осы ұлы тұлғаларымыздың ерен еңбектерін еске ала отырып, ерлік істері мен жасампаздық қызметтерін музей көрермендеріне насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Қайта қалпына келтіру жұмыстары

Үстіміздегі жылдың 29 қаңтар күні Есік археологиялық - өлкетану музейінде Р. Тоқатаев атындағы мектебінің оқушыларына Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ардолайты ауылында қазба жұмысы барысында табылған, үйсіндерге тән көне моншақтарды қайта қалпына келтіру жұмыстары көрсетілді. Сонымен қатар бисерден білезік тоқудан мастер - класс өткізілді.

«Әл-Фараби – орта ғасыр ғұламасы»

Үстіміздегі 2020 жылдың 27 –ші жұлдызында Жаркент қалалық даңқ музейінде Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың туғанына 1150 жыл толуына орай, оқушыларға арналған «Әл-Фараби – орта ғасыр ғұламасы» атты танымдық сағат ұйымдастырылды. Танымдық сағатқа мектеп оқушылары және Панфилов аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары атсалысты.

«Ақылы азық, сөзі сусын»

29-го января текущего года, к 175-летию великого поэта, просветителя Абая Кунанбаева сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района организовали лекцию «Ақылы азық, сөзі сусын» для учащихся средней школы села Абай. В ходе лекции, заведующий музеем Калиев Серик Макулбекович, дал анализ стихам великого поэта, поведал о мудрых изречениях Абая и его вклад в развитие культуры казахского народа.

«Көне үй бұйымдары»

Көне экспонаттарды қолымен ұстап көруге және онымен суретке түсуге мүмкіндікті пайдаланған оқушылар Ақын Сараның мемориалды музейінде құрылған «Көне үй бұйымдары» атты көрмені тамашалап кетті. Көрме 2020 жыл 14 қаңтарда құрылды. Бүгінгі күнге дейінкөрмені 50-ден астам адам көрді. Көрмеге келген оқушылар қызыға экскурсияны тыңдап, естелік суреттерімен үйлеріне қайтты.

«Зергерлік мол мұра»

Үстіміздегі жылдың 27-ші қаңтарында қазақ халқының зергерлік бұйымдары туралы жан - жақты мағлұмат беру мақсатында Ақын Сараның мемориалды музейінде «Зергерлік мол мұра» атты тақырыптық экскурсия өткізілді. Экскурсияға Ғали Орманов атындағы орта мектептің 5 сынып оқушылары қатысты. Музей қызметкерлері зергерлік өнер тарихын, жасалу технологиясын айта отырып, әдемі бұйымдармен таныстырды. Оқушылар да өз тараптарынан ойларын білдіріп, сұрақтарына толыққанды жауаптар алды.

«Ұлы даланың - ұлы тұлғасы»

24 қаңтарында Жамбыл ауданы мәдениет бөлімі, аудандық кітапхана, Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кемеңгер ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойына арналған «Ұлы даланың - ұлы тұлғасы» атты кездесу кеші өтті. Шараға жазушы Жұмабай Шаштайұлы, ақын Орысбай Әбділдаев, Нұрманбет Қизатұлы, Талғат Сүйінбайұлы, Доқтырхан Тұралбекұлы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ә.Далабаев және т.б. қонақтар қатысты.

"Жыр жауһары"

Ағымдағы жылдың 23-ші жұлдызында Қырғауылды орта мектебінде "Жыр жауһары" атты тақырыпта мəнерлеп оқудан сайыс өтті. "Анаға құрмет" музейінің қызметкерлері ұйымдастырған бұл сайысқа 6-сыныптар арасынан поэзия, өлең-жырларға ынталы шəкірттер қатысып, бақтарын сынады. Топтан үздік шыққандар марапаттауларға ие болды.