«Тәуелсіздікті тұғырлы еткен дара тұлға»

24 қаңтар күні «Анаға құрмет» музейінде «Атамекен» орталығының «Тәуелсіздікті тұғырлы еткен дара тұлға» атты көшпелі көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Елбасының қолданған заттары мен авторлық кітаптары қойылды. ҚР-ның Тұңғыш Президенті – Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы дара жолын насихаттайтын шараға К.Ушинский атындағы орта мектеп оқушылары мен музей қызметкерлері қатысты

"Киіз үй - ұлттық құндылықтар қазынасы"

Үстіміздегі жылдың қаңтар айының 23 күні І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері "Киіз үй - ұлттық құндылықтар қазынасы" атты тақырыптық экскурсия өткізді. Экскурсия –жас ұрпақтың мәдени құндылықтарға деген сүйіспеншілігін ояту, тарихымыздан хабар беріп, мәдениетімізді бейнелейтін мәдени мұраларымыздың бірі, ​ қазақ халқының қасиетті қара шаңырағы –киелі киіз үйдің құрылысы, жасалуы, тұрмыста қолданылуы туралы мәлімет беру мақсатында ұйымдастырылды.

«Ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы»

23 қаңтар күні «Сарқан ауданының тарихы» музейінің қызметкерлері ғұлама ғалым Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы» атты мектеп оқушылары арасында танымдық шара ұйымдастырды. Шара барысында оқушылар әлемнің екінші ұстазы жайлы тың ақпараттармен танысып, өз ойларымен бөлісті.

«Ілияс және кино»

2020 жылдың 24 қаңтар күні І.Жансүгіровтің әдеби музейінде № 2 орта мектептің оқушыларымен «Ілияс және кино» атты танымдық сағат өтті. Шараның мақсаты І.Жансүгіровтің ақын, жазушы ғана емес баспасөз беттеріне кино өндірісін дамыту туралы үздіксіз мақалалар жариялап, ойлары мен пікірлерін ортаға салған қоғам қайраткері, мәдениет пен өнердің жанашыры екенін бүгінгі қазақ жастарына жеткізу. Кеш барысында 1930 жылы қазақ кино өнерінде алғаш түсірілген «Қазақстанға – 10 жыл» атты деректі фильмнің алғашқы консультанты болып бекітілген Ілияс Жансүгіров жайында мәліметтер беріліп, деректі фильмдер көрсетілді. Сонымен қатар «Ілиястыңкино саласындағы үлесі» атты көрме безендіріліп, музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.

«Жетісу жақұттары»

2020 жылдың 24–ші жұлдызында «Жас экскурсовод» үйірме оқушыларына арналған кезекті «Жетісу жақұттары» атты танымдық сабағы ұйымдастырылды. Оқушылар таңдалған экспозициялық тақырыптары бойынша «М.Тынышпаев және оның өмірі мен қызметі», «Сөнбес жарық жұлдыз –Ш.Уалиханов», «Музыка өнерінің майталманы –М.Төлебаев», «Көшпелі қазақ халқы», «Ғарыш әлемін бағындырған –үш бәйтерек» атты тақырыптықэкскурсия жүргізді. Сабақ соңында Жетісу жерінің аңыз-әңгімелерінен қосымша мәліметтер берілді.

«Қазақ ер-тұрмандары: атаулары және өңірлік ерекшеліктері»

23 қаңтар күні Батыр бабалар мемориалы музейінің қызметкерлері Қаскелең қ. Алтын ауыл орта мектебі ұстаздарының ұйымдастырған «Өскелең ұрпақтың ұлттық тарихи санасын қалыптастыру» атты семинарының «Атқа міну мәдениеті» секциясы тобына «Қазақ ер-тұрмандары: атаулары және өңірлік ерекшеліктері» атты тақырыпта дәріс оқыды. Дәріс барысында оқушыларға, арнайы дайындалған слайд-шоудың көмегіменер-тұрмандарының: «қазақы ер», «қозы құйрық ер», «құранды ер», «үйрек бас ер» сияқты түрлері және олардың жасалу техникасы жайында таныстырылды. Сонымен қатар, семинарға қатысушы ұстаздар мен оқушылар назарына – музей коллекциясындағы құнды артефактілердің бірі әрі бірегейі XVIII ғғ. тән кешенді құранды ер-тұрман ұсынылды.

«Экспонат года - 2020»

Алматинский областной историко-краеведческий музей им.М. Тынышпаева в этом году проводит акцию «Экспонат года - 2020». Целью акции является сбор предметов музейного значения и предметов, связанных с жизнью исторических личностей края. Данное мероприятие способствует консолидации предметов представляющих историческую и культурную ценность и пропагандирует уважительное отношение к истории прошлого.

«Тарихы терең Үйгентас»

Ү.ж. 22 қаңтар күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде №3 Қабанбай орта мектебінің 7 сынып оқушыларына «Тарихы терең Үйгентас» атты тақырыптық экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында Қабанбай батырдың Үйгентас шайқасындағы ерліктері және 1991 жылы өткен Қабанбай батырдың 300 жылдық мерейтойы туралы мәлімет берілді. Үйгентастың атауы туралы аңыздар баяндалды.

«Әлемге танылған Абай»

2020 жылдың 22 қантар күні І.Жансүгіровтің әдеби музейінде ұлы ақын, ағартушы, философ, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай өскелең ұрпақты ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстырып, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттау мақсатында «Әлемге танылған Абай» атты тақырыптық экскурсия қаламыздағы № 2 орта мектептің 4 сынып оқушыларына жүргізілді.

"Ұлы даланың ұлы тұлғасы"

Үстіміздегі жылдың 20 қаңтарында Есік археологиялық - өлкетану музейінің қызметкерлері Рахат орта мектебінің 8 «А», «Ә» сынып оқушыларына "Ұлы даланың ұлы тұлғасы" атты лекция оқыды. Лекция барысында әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби туралы кеңінен мәлімет берілді.