"Тәуелсіздік -мәңгілік"

2019 жылдың 13 желтоқсан күні Шелек тарихи - өлкетану музейінің қызметкерлері, ауылдық əкімшілік, мәдениет қызметкерлерімен бірігіп, "Тәуелсіздік -мәңгілік" атты іс -шара өткізді. Шараға ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары, ауыл қонақтары қатысты. Іс -шараның ашылуы мемлекеттік əнұранмен басталып , ары қарай мерекелік концертпен жалғасты.

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»

2019 жылдың желтоқсан айының 13-ші жұлдызында, еліміздің Тәуелсіздік күніне орай Черкасск орта мектебінде, Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері мен Черкасск орта мектебінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік шара өткізілді. Шараға округіміздің мәдениет үйі, әкімшілік, кітапхана қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында патриоттық әндер орындалып, желтоқсан құрбандарын еске алу мақсатында сахналық қойылым көрсетілді.

"Тәуелсіздік – ел тірегі"

2019 жылдың желтоқсанның 13-ші жұлдызында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Жамбыл ауылының Мәдениет үйінің меңгерушісі Шаштай Ермек, мәдениет үйінің бас маманы Ахметова Шолпан, Жамбыл ауылының кітапхана меңгерушісі Анарбекова Перизат және Жамбыл орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы Қалабаева Айым, музей қызметкерлері мен бір топ қонақтар қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Іргелі еліміздің Тәуелсіздігін ұлықтау, Тәуелсіздік жылдары қалыптасқан дарынды жастардың шығармашылық өнерін насихаттау, жаңа есімдерді қалың жұртшылыққа таныстыру және елдің мәдени дамуына қомақты үлес қосатын жас өнерпаздардың бастамаларына қолдау көрсету, өскелең ұрпақ бойына өнер мен мәдениетке құштарлық, азаматтық белсенділік, өз ойын өнер арқылы жеткізе білу сынды қасиеттерді сіңіруге атсалысу.

«Жетісудың жез таңдай ақыны»

12- желтоқсан күні «Жетісудың жез таңдай ақыны»атты аудандық Үмбетәлі оқулары,Үмбетәлі орта мектебінде өтті. Үмбетәлі Кәрібаев музейінің қызметкері,әрі немере келіні Денгелбаева Қалдыгүл 3- орын иегеріне өзінің сый-сияпатын жасады.Аталмыш жиынға ақынның туыстары мен музей қызметкерлері қатысты.

"Өткен күрестер жеңісі- Тәуелсіздік жемісі"

Үстіміздегі жылдың 13 желтоқсанында Есік археологиялық - өлкетану музейінде Тәуелсіздік күніне орай "Өткен күрестер жеңісі- Тәуелсіздік жемісі" атты іс - шара ұйымдастырылды. Шара барысында әнұран орындалып, Р. Тоқатаев атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушылары Желтоқсан оқиғасынан көрініс көрсетіп, патриоттық әндер орындады.

«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры»

Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 12-де Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінің ұйымдастыруымен 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Байысов атындағы орта мектеп оқушыларына «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты танымдық әңгіме өткізілді. Сонымен қатар «Тәуелсіздік – халық мұраты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды. Мақсаты - ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі ете отырып, жастарды өз Отанын сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

« Тәуелсіз елім - Қазақстаным!»

2019 жылдың 12 желтоқсан күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи- өлкетану музейінің қызметкерлері Тәуелсіздік күніне орай « Тәуелсіз елім - Қазақстаным!» атты іс- шара ұйымдастырды. Іс- шараға Желтоқсан оқиғасының куәгерлері «Жетісулық Желтоқсандықтар» қоғамдық қорының төрағасы Жүнісхан Ермұхан және мүшелеріЧукаева Ғайния, Көксеген Гүлнар қатысып, қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күннің естеліктерімен бөлісті. Шара барысында желтоқсан көтерілісіне орай арнайы дайындалған бейнероликтер сондай- ақ, Оқушылар сарайының «Жас актёр» үйірмесінің жеткіншектерінің поэтикалық арнаулары қонақтар назарына ұсынылды. Шараның соңында ҚР Ұлттық банкінің Алматы облыстық филиалының қызметкерлері келген қонақтарға жылы лебіздерін білдіріп, сыйлықтарын табыстады.

«Тәуелсіздік-қасиетті ұлы ұғым»

Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 12-де Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, желтоқсан құрбандарының ерлігін паш ету, жастардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін ояту мақсатында «Тәуелсіздік-қасиетті ұлы ұғым» атты дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш іс-шараға Қапал ауылдық ақсақалдар және әжелер алқасының мүшелері, Қапал ауылдық кәсіптік колледжінің ұстаздары мен студенттері, кітапхана қызметкерлері қатысты. Бүгінгі шарамыздың қонағы, желтоқсан оқиғасының куәгері Арман Жиенқожанов желтоқсан оқиғасын баяндап, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Дөңгелек үстелде «Тәуелсіздік – басты құндылығымыз» атты баяндама оқылып, Облыстық жазушылар одағының мүшесі, ақын Қалқаман Абдрахманұлы «Тәуелсіздік тұғырым» атты арнауын оқыды.

"Қайрат жəне Желтоқсан"

11 желтоқсан күні Туғанбай ауылы № 30 орта мектеп оқушылары мен сынып жетекшісі Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде 16 желтоқсан – ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай «Қайрат және Желтоқсан» тақырыбында танымдық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге, туған ел тарихын білуге, қастерлеуге тәрбиелеу және де тәуелсіздіктің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсіндіру, патриоттық сезімге баулу. Желтоқсан көтерілісіне қатысқан халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Ләззат Асанова сынды талай қазақ қыздары мен жігіттерін арамыздан алып кеткен Желтоқсан оқиғасы баршамыздың мәңгі есімізде қалады. Егеменді еліміздің келешегі үшін жанын пида еткен батыр жастарды ұмытпаймыз!

Тәуелсіздік, мәңгі болсын тұғырың!»

2019 жылдың 11 желтоқсан күні І.Жансүгіровтің әдеби музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік, мәңгі болсын тұғырың!» атты шара өтті. Кешке Алматы облыстық Ардагерлер ұйымының мүшелері, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің білімгерлері, Талдықорған қаласының №2, 15 орта мектеп, Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернатының оқушылары қатысты. Шара барысында «Елімнің ертеңі-Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі таныстырылып, №15 орта мектептің оқушылары Ілияс Жансүгіровтің өмірінің соңғы сәттерін бейнелейтін «Ілияс» драмалық спектаклінен үзінді қойды. Мерекелік шара патриоттық ән-күйлермен жалғасын тауып, кеш соңында жыл бойы музей өміріне белсенділік танытқан азаматтар марапатталынды.