«Принц Великой степи»

13-го июня текущего года в рамках проекта «Золотой человек» статьи «Семь граней Великой степи», в историко-краеведческом музее Карасайского района, для воспитанников семейного детского дома «Ковчег» была проведена познавательная экскурсия на тему «Принц Великой степи». В ходе экскурсии детей познакомили с историей и экспозицией музея, особое внимание уделив уникальной находке исыкского кургана – «Золотого человека» (макет), найденного учеными археологами в 1969-70 гг.

"Тусовка -2019"

Маусым айының 13-і күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи өлкетану музей қызметкерлері 25-ші мектебінің жазғы лагерь оқушыларына "Көңілді жазғы демалыс" "Тусовка -2019" атты интеллектуалды танымдық ойын ұйымдастырды. "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында көрсетілген бағыттар бойынша ойындар ойнатылды. Бүлдіршіндер ризашылықпен тарқасты.

"Көңілді жазғы демалыс"

Үстіміздегі жылдың 12-ші жұлдызында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи өлкетану музей қызметкерлері №21 мектеп жəне Ескелді ауданындағы "Жаңалық" орта мектебінің оқушыларына "Көңілді жазғы демалыс" атты интеллектуалды ойын өткізді. Ойынға оқушылар белсене қатысып, қызыға көңілді уақыттарын өткізді.

«Голос столетий»

11-го июня текущего года в рамках проекта «Историко-культурное наследие», в историко-краеведческом музее Карасайского района была организована ретро - выставка «Голос столетий». На выставке были представлены интересные экспонаты, имеющие свою уникальную историю. Первые посетители, дети пришкольного лагеря школы села Улан оказали особый интерес к экспонатам, задавая наперебой многочисленные вопросы. Выставка продлится до 15-го июня.

Экскурсия

2019 жылдың 11 маусым күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері "Тамшыбұлақ" жазғы балалар лагерінің оқушыларына музей залдары бойынша экскурсия жүргізді. Аудан бойынша жан-жақтан жиналған оқушылар өздерінің музейге келгендегі көңіл-күйлерін жасырмады. Балалар мұражай орналасқан ғимараттың тарихымен танысты. Сонымен қатар балаларға музей алаңында қызықты ойындар ойнатылды.

«Қазақтың қазыналы қолөнері»

2019 жылдың 11 маусым күні Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақтың қазыналы қолөнері» атты көрме өтті. Көрмеге «Жамбыл ата келіндері» халықтық ансамблі әжелердің жеке қорларынан ұлттық бұйымдар, көрпелер мен кестелі орамалдар қойылды. 20 жылдық тарихы бар ансамбль әжелерінің Алматы облысы, Жамбыл ауданы бойынша атқарған еңбектері орасан зор. Іс-шара барысында ансамбльдің жетекшісі Ахметова Кулмайрам көрмедегі бұйымдардың тарихын атап өтсе, Баққожаева Ажар құрақ көрпелерді тігудегі сыр-қырымен бөлісті. Боранбаева Бақшагүл кесте тоқудың әдістерін көрсетіп, шағын шеберлік класс көрсетті. «Жамбыл ата келіндері» ансамбль әжелері Жамбыл Жабаевтың «Угәйәй» әнін орындады. Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музей меңгерушісі Жамбылова Салтанат әжелердің орасан зор еңбектерін ескеріп, музей ұжымы атынан алғыс хатпен марапаттады. Көрме соңында ауылымыздың ақсақал...

«Тарихқа тұнған туған өлкем»

2019 жылдың маусым айының 11-ші жұлдызында, Сарқан ауданының тарихи музейі мен «Черкасск қорғанысы» экспозициялық кешенінде, жаздық сауықтыру мектеп лагеріндегі балалар мен ата-аналарға «Тарихқа тұнған туған өлкем» атты тақырыптық экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында Сарқан ауданының тарихы мен «Черкасск қорғанысы» туралы оқушыларға көптеген мәліметтер берілді. Балалар қызыға тыңдап, соңында музей қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Экскурсия

2019 жылдың 10 маусым күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Білім және Ғылым Министрлігінің «Оқушылар сарайы» МКҚК базасында өтіп жатқан қосымша білім беру педагогтарының білімдерін жетілдіру курстарының қатысушыларына экскурсия жүргізілді. Қонақтар музей экспозицияларың тамашалап, Алматы облысының тарихымен танысты. Соңында қонақтар музей қызметкерлеріне алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді.

«Жетісу жауһарлары» жобасы аясында Талдықорған – Жаркент бағыты

Үстіміздегі жылдың 7 маусым күні «Жетісу жауһарлары» жобасы аясында Талдықорған – Жаркент бағыты бойынша Талдықорған қаласындағы №5, №12 және №14орта мектептің оқушыларына арнайы туристік саяхат ұйымдастырылды. Саяхат бағыты облыс орталығы Талдықорған қаласынан басталып, Жаркентке дейінгі бағытта кездесетін кесенелер, ескерткіштер, киелі орындар,табиғат ескерткіштері туралы қызықты мәліметтер берілді. Сондай-ақ жол бойында ойындар ойнатылып, естелік сыйлықтар тартылды. Саяхатқа қатысушылар ең алдымен жеті ғасырдан бері өсіп тұрған қасиетті Әулиеағашты тамашалап, «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер музейі, Ә. Қастеевтің көркемсурет галереясы, Жауынгерлік Даңқ мұражайымен танысып, алған әсерлерімен бөлісті.

«Ойнасын, күлсін-бүлдіршін»

М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ойнасын, күлсін-бүлдіршін» атты «Қамқор» үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық мерекелік шара ұйымдастырды. Аталмыш шарада «Унисон» облыстық жасөспірімдер хор ансамблінің «Жетісу заманауи және спорттық би студиясының» және «Жас актер» театр үйірмесінің жеткіншектері ән салып, би билеп, «Әрқашан күн сөнбесін» атты әдеби монтаж оқылды. Сондай ақ, «Қуанышты күн» атты сергіту сәті ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге тілек қағазына қолтаңбалары қойылып, әуе шары арқылы аспанға ұшырылды және мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында сыйлық таратылды.