"Елдігіміз бен ерлігіміздің белгісі-Көк байрақ"

4 июня ко Дню Государственных символов в Есикском археолого-краеведческом музее состоялось мероприятие "Елдігіміз бен ерлігіміздің белгісі-Көк байрақ". В ходе мероприятия учащиеся читали стихи о символах Казахстана: гербе и флаге. Ребята узнали об истории возникновения символов страны.

«Тәуелсіз елдің нышандары»

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мерекеге орай Сүйінбай Аронұлының әдеби – мемориалды музейінде мемлекеттік рәміздерінің авторларына арналған «Тәуелсіз елдің нышандары» атты көрме музей қонақтарына таныстырылды.

«Халық – менің шын атым»

4 маусым күні Қарасай ауданы, «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Халық – менің шын атым» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрме Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында өтті. Көрмеге ұлы жыраудың жеке заттары мен сол замандағы тұрмыстық бұйымдары көрермендердің назарында болды. Көрмеге музей қорынан 50-ге жуық жәдігер апарылып, келушілердің қойылған сұрақтарына жауап берілді.

"Мақтанышым мемлекеттік рəміздер"

Шелек тарихи - өлкетану музейінде 4 - маусым «Рәміздер күніне» орай, "Мақтанышым мемлекеттік рəміздер" атты құқық қорғау қызметкерлерімен бірігіп танымдық сағат ұйымдастырылды. Елтаңбаның латын қарпінде жазылған жаңа нұсқасы көрсетілді. Музей қызметкерлері қонақтарға аса маңызды мемлекеттік белгілер- Рәміздермен жан-жақты таныстырып, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасады.

"Ел айбыны - рәміздер"

Бүгін Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері 4-маусым Мемлекеттік рәміздер күніне орай "Ел айбыны - рәміздер" тақырыбында танымдық шара өткізді. Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, мұратын білдіретін белгі. Шара барысында Қазақстан Республикасының рәміздерін, оның шығу тарихын, мемлекеттік атрибуттардың мәні мен рөлін түсіндіріліп, рәміздерге байланысты өлең, шығармалардан үзінділер оқылады. Танымдық шараға №3 Қабанбай орта мектебінің 6-7 сынып оқушылары қатысты.

"Рәміздер-тәуелсіздік белгісі"

Бүгін — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылғы маусымның 4-де Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді — бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Осы айтулы датаға орай І.Жансүніров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Рәміздер-тәуелсіздік белгісі"атты тақырыпта музей көрермендеріне арнайы танымдық сағат өткізілді.

Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздері

Үстіміздегі жылдың 4-ші маусымында мемлекеттік рәміздер күніне орай, Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері мектепішілік лагерь оқушыларына Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін толықтыру мақсатында кеңінен баяндады да соңында оқушылар арасында патриоттық өлеңдер оқуын ұйымдастырды.

“Символы РК – Национальная гордость”

В Алматинском областном историко-краеведческом музее им. М.Тынышпаева 4 июня 2019 года в честь празднования 27-ой годовщины государственных символов Республики Казахстан для детишек из детского сада «Нурай» была проведена тематическая экскурсия “Символы РК – Национальная гордость”, в ходе которой ребятам была дана познавательная информация о символах нашей Родины:о флаге, гербе, гимне.

“Символы РК – Национальная гордость”

В Алматинском областном историко-краеведческом музее им. М.Тынышпаева 4 июня 2019 года в честь празднования 27-ой годовщины государственных символов Республики Казахстан для детишек из детского сада «Нурай» была проведена тематическая экскурсия “Символы РК – Национальная гордость”, в ходе которой ребятам была дана познавательная информация о символах нашей Родины:о флаге, гербе, гимне.

«Ашаршылық пен үлкен террордың тарихи сабақтары»

31 мамыр – Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Талғар ауданыЖаңалық ауылындағы Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі 30 мамыр күні «Ашаршылық пен үлкен террордың тарихи сабақтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.Конференцияға Қырғызстан, Өзбекстан республикаларының тарихшы- ғалымдарымен қатар алаш қайраткерлерінің бірі – Мұхамеджан Тынышпаевтың ұлы – Дәулет-Шейх Әли Тынышпаев та қатысты. Конференция 31 мамыр күні саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында ұйымдастырылған жиынмен жалғасын тапты.