Балаларды қорғау күні

"Балаларды қорғау" күніне орай Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері 31 мамырда "Жас экскурсия жүргізуші" атты үйірмеге қатысатын балаларды Талдықорған қаласына алып барды. Оларды М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейі, И.Жансүгіров атындағы әдеби музейі, көркем галереясын аралатты. Ол жерде оқушылар қызықты экскурсияларды тыңдап, көркемөнер көрмесін көріп қайтты. Қалалық саябақта карусельдерге отырып, көңілдері көтерінкі күйде ауылға қайтты.

"Өлкенің гүл жайнаған балғындарды"

Жаркент мешіті сәулет көркемөнер музейінде 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Өлкенің гүл жайнаған балғындарды" атты "Қарлығаш" балабақша бүлдіршіндеріне музейді таныстыру мақсатында танымдық іс-шара өткізілді.

Ашық есік күні

"Жаркент мешіті" сәулет-көркемөнер музейінде 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ашық есік күні ұйымдастырылды. Аудан тұрғындары мен қонақтары, сонымен қатар шетел азаматтары келіп музей тарихымен танысып, тамашалап қайтты.

"Көне ғасыр сыр шертеді"

Сотрудники Есикского археолого-краеведческого музея 1 июня в честь Международного Дня защиты детей провели передвижную выставку "Көне ғасыр сыр шертеді" зоопарке"Сказка живой природы". Также музей посетили дети сотрудников воинской части 66/54.

"Бар мейіріміміз балаларға"

1 июня в Есикском археолого-краеведческом музее состоялось праздничное мероприятие "Бар мейіріміз балаларға", посвященное Международному дню защиты детей. В мероприятии приняли участие воспитанники детских садов "Мирас-2018" и "Тауекел". В конце мероприятия дети посмотрели музей, им были вручены подарки.

"Азаттықтың туын көтерген, арда туған Арыстар"

31 мамыр саяси құғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай тарихқа "Ақкөл көтерілісі" деген атпен енген халық толқуының құрбандарын еске алу мақсатында Ақкөл ауылында "Азаттықтың туын көтерген, арда туған Арыстар" атты шара өтті. Шараға ауыл тұрғындары, ардагерлер, көтеріліс құрбандарының ұрпақтары және аудан орталығындағы мекеме басшылары мен жастар өкілдері қатысты. Шарада Ақкөл көтерілісі оқиғасының ақиқаты жайлы тарихшылар, өлкетанушылар сөз алып, көнекөз қариялардың естеліктері айтылып, патриоттық әндерге құрылған бағдарлама аясында мектеп оқушыларының арнау-өлең жырлары оқылып, көтеріліс құрбандары есімдері ұлықталды.

"Бақытты балдәурен"

1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музей сыртында "Бақытты балдәурен" атты концерт ұйымдастырылды. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ән шырқап, би биледі.

"Бақытты балалық шақ"

1 маусым "Балаларды қорғау" күніне орай І.Жансүгіров атындағы тарихи - өлкетану музейі қызметкерлерінің ұймдастыруымен "Бақытты балалық шақ" атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара барысында бүлдіршігдерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында түрлі ойындар ойнатылып, "Аю мен қояндар" атты ертегіні музей қызметкерлері қуыршақтар арқылы сахналап берді. Сонымен қатар, музей залдары бойынша тегін экскурсия жүргізілді. Бүлдіршіндер мен ата-аналар музей қызметкерлеріне алғыстарын айтып ризашылықтарын білдіріп тарқасты.

"Жазықсыз жапа шеккендер"

31 мамыр Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде ашық есік күні ұйымдастырылды. Сонымен қатар аталмыш датаға орай "Жазықсыз жапа шеккендер" атты тақырыпта тарихи сағат өтті. Шара жасұрпаққа қасіретті жылдар құрбандары, жазықсыз жапа шегіп,қуғын – сүргін көрген ел ардақтылары мен ел зиялылары туралы толық түсінік беріп, ұлы тұлғалармен таныстыру, үлгі ету, Отанын, елін, жерін сүюге, батыл болуға тəрбиелеу мақсатында өтті.

«Ашаршылық құрбандары әрқашан біздің жадымызда»

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Сүйінбай Аронұлының әдеби – мемориалды музейінде Сүйінбай атындағы орта мектептің оқушыларының қатысуымен «Ашаршылық құрбандары әрқашан біздің жадымызда» атты тарихи сағат өтті.Оқушыларға Сталинизмнің орнығуы, жазалау шаралары, халық қасіреті, Қазақстан – лагерьлер өлкесі, еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихы туралы деректі фильм көрсетілді.