«Түнгі музей акциясы»

18 мамырда бүкіл әлемдегі мұражай қызметкерлерінің барлығы өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Бұл аталмыш мереке – күнтізбеде 1977 жылы Халықаралық мұражай кеңесінің кезекті отырысында осы мәдени мерекені бекіту туралы ресей ұйымының ұсынысын қабылдаумен орын алды. 1978 жылдан бері Халықаралық мұражайлар күні 150-ден астам мемлекеттерде мерекеленіп келеді.Мұражайлар әр кезеңде қоғамның және көптеген елдердің мәдени өмірінің ажырамас бөлігі болып саналды. Бүгінде мұражайлар қызметінің бағыты жан-жақты. Өзгешеліктеріне қарамастан олардың бағдары халықтардың тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға бағытталған. Мұражай тек мың жылдық тарихты сақтап қана қоймай, сондай-ақ өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеуде ерекше орын алады.Осыған орай үстіміздегі жылдың 18 күні Сүйінбай Аронұлының әдеби –мемориалды музейінде «Жәдігерлерді шаммен шолу» атты «Түнгі музей акциясы» аталып өтті.Музей қонақтары бұл күні музейге әдеттегідей күндіз емес,...

"Музей - тарих айнасы"

2019 жылдың 18 мамыр күні "Жаркент Мешіті Сәулет-көркемөнер Музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Халықаралық музейлер күніне орай "Музей - тарих айнасы" атты музей сағаты өтті. Шараға қала қонақтары, оқушылар мен шет ел азаматтары қатысты. Келген қонақтарға музей тарихы таныстырылып, музейдің тарихи маңыздылығы айтылды. Музейге келген қонақтарға арнайы қазақ зергерлік өнері мен архитектуралық өнерінен сыр шертетін "Зергерлік өнер жауhарлары", "Х-ХІХ ғасырлардағы сәулет өнері" атты көрме таныстырылды.

«Музей – ел шежіресі»

18 мамыр - Халықаралық музейлер күні мерекесіне орай Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде «Музей – ел шежіресі» атты іс-шара өткізілді. Шараға ауыл тұрғындары мен қонақтары, оқушылар және студенттер қатысты. Шара барысында музейдің тарихи-мәдени маңыздылығы таныстырылып, музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді. Сонымен қатар «Мәдени мұра асыл қазына» атты музей тарихынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды.

"Туризмнің төресі -музей "

18 мамыр Халықаралық музей күніне орай, Шелек тарихи -өлкетану музейі Сөгеті филиалында "Туризмнің төресі -музей " тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Мақсаты : өсіп келе жатқан жас ұрпақты ата - бабаларымыздың жасап кеткен мәдени қазына байлықтарының үлгілеріне қанықтырып жеке адамның да, бүкіл қоғамның да рухани жетілуіне ықпал жасау. Музейге келген оқушылар музей ішін аралап өз бойларына рухани азық алатын күш жинап қайтты.

"Музейдегі түн"

18 мамыр Халықаралық мұражай күніне байланысты І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Музейдегі түн" іс-шарасы өтті. Осы күні бүкіл әлемдегі мұражай қызметкерлерінің барлығы өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Дәстүрге сай музей қызметкерлері айтулы мерекеге орай "Ашық есік" күнін ұйымдастырып музей көрермендеріне тегін экскурсиялар жүргізіп іс-шара "Музей түнімен" жалғасын тапты. Шара барысында көрермендер арнайы мерекеге орай ұйымдастырылған аудандық өнер мектебінің жас қылқалам шеберлерінің туындыларынан құралған көрмені тамашалады. Сонымен қатар І.Жансүгіровтің 125 жылдығына орай жаңадан музей қорына қабылданған ақынның жеке құжаттары мен сирек кездесетін фотосуреттерімен де танысып, жалпы музей туралы оның тыныс-тіршілігі, міндеті жайлы мол мағлұматтар алып қайтты.

"Алтын адам"

19 мая в рамках статьи "Семь граней Великой степи" для солдат войсковой части 55/74 был проведен познавательный урок "Алтын адам". Начальник войсковой части 55/74 полковник Е. Пестов выступил с инициативой в военно-патриотическом воспитании и наградил сотрудников музея Б. Ибраимову и И.Кожагулову благодарственными письмами.

"Ночь в Музее"

В честь Международного дня музеев в Есикском археолого-краеведческом музее состоялось мероприятие" Ночь в Музее". В мероприятии приняли участие представители Енбекшиказахского районного филиала партии" Нур Отан", работники домов культуры сел Каракемер и Тургень, сотрудники войсковой части 6654, учащиеся городских школ и руководство районной библиотеки. Во время мероприятия в музее были организованы концертные и экскурсионные программы. По итогам ночи в музее заведующая музеем Тойжанова Нарима и сотрудники музея были награждены благодарственными письмами от руководителей партии "Нур Отан" и войсковой части 6654.

«Ілияс музейі – өнегелі ұрпақ ордасы»

Бүгін 18 мамыр – Халықаралық музейлер күнінде І.Жансүгіровтің туғанына 125 жыл, ақынның әдеби музейінің ашылып, халыққа қызмет етіп жатқанына 35 жыл толуына арналған «Ілияс музейі – өнегелі ұрпақ ордасы» атты мерекелік шара өтті. Шара І.Жансүгіровтің «Ұяның ұясы – Қожаның дорбасы» фельетонынан үзіндімен ашылып, ақынныңөлеңдері оқылып,әуезді ән-күймен жалғасын тапты. Салтанатты мерейтойда облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің қолдауымен «І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы» атты 1972 жылы түсірілген деректі фильм өңделіп, жаңа форматқа көшірілгеннұсқасы және «Ілияс Жансүгіров. Библиографиялық көрсеткіш», «І.Жансүгіровтің шығармаларын жаңаша оқыту» кітаптарының тұсаукесері өтті. Шараға Ілияс Жансүгіровтің ұрпақтары, ақын атындағы Жетісу мемлекеттік университеттің профессорлары, музейде 35 жыл ішінде жұмыс жасаған барлық қызметкерлер, Мәдени мұраны қорғау орталығының, Алматы облыст...

"Тарихи жәдігерлер - ұлт мұрасы"

2019 жылдың 17 мамыр күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай "Тарихи жәдігерлер - ұлт мұрасы" атты музей сағаты өтті. Шараға ауыл қонақтары, мұғалімдер мен оқушылар қатысты. Келген қонақтар мен оқушыларға мұражай қызметі таныстырылып, музейдің тарихи-мәдени, ағартушылық маңыздылығы айтылды. Қапал ауылдық әкімдігінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы Әшімова Әсел арнайы сөз сөйлеп музей қызметкерлерін аталған күнге орай мерекелерімен құттықтап, ізгі-тілектер тіледі. Ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Мұқашев Төлегенің орындауында ән шырқалды. Қапал ауылдық кітапханасының қызметкерлері музейлер туралы кітаптарға библиографиялық шолу жасады. Шараға қатысушылар мен қонақтарға арнайы орыс мәдениетінен сыр шертетін "Руские мотивы" атты көрме таныстырылды.

Интеллектуалды сайыс

М.Тынышпаев ат. Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде интеллектуалды сайыс түрінде болашақ тарихшылар (І.Жансүгіров ат. ЖМУ студенттері) арасында өткен шараның басты мақсатыкелер ұрпаққа тарихты әсіресе, ұлттық тарихты жеткізу, жастардың терең білім алып, ел мүддесіне қызмет етудінасихаттау, әрі музейге деген қызығушылықтарын аттыру болды.Екі топтан тұратынсайыскерлерге слайдтың жетекшілігімен жергілікті тарих пен өлкеден шыққан белгілі тарихи тұлғаларға қатысты сұрақтар қойылып, білімдері сыналды. «Көрермендер кәдесі» деген айналымда топ жанкүйерлеріне де тапсырма беріліп, дұрыс берілген жауаптары бойынша ұпай сандары сайыскерлердің қанжығасына байланды. Сайыскерлерді сергітіп алу, әрі көрермендерге пайдалы мәлімет беру мақсатында «Сіз білесіз бе?» атты айдарда белгілі тарихи тұлғаларға қатысты қызықты мәліметтер оқылды.Сайыс соңында топтардың ұпай сандары қорытындыланып, жеңімпаз топ арнайы дипломмен марапатталды.