«Nur Otan»

Бүгін М.Тынышпаев ат. Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде, елдордада өткен «Nur Otan» партиясының съезіндегі ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына партия атынан кандидатура ұсыну туралы шешімін қолдау мақсатында партия өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Музей қызметкерлері өз тарапынан ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына партия атынан кандидатура ұсыну туралы шешіміне өз қолдауларын білдіріп, ой-пікірлерімен бөлісті.

«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін»

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай облыстық музейде «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты Талдықорған қаласындағы түрлі ұлттар мен ұлыстардың мәдени орталықтарының өкілдері қатысқан шара ұйымдастырылды. Шара барысында музей экспозициясында қамтылған Елбасының халықтар достығын нығайтудағы салиқалы саясатының маңызы мен мәні айтылып, мерекелік ән-жырдан шашу шашылды.

«Қазақ поэзиясының Құлагері»

Ағымдағы жылдың 30 сәуір күні І.Жансүгіров әдеби музейі және «Айналайын» балалар үйінің ұйымдастыруымен І.Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына орай «Қазақ поэзиясының Құлагері» атты қайырымдылық шара өтті. Шараға Алматы облысының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының» тәрбиеленушілері арнайы шақырылып, кеште ақынныңөлеңдері оқылып, әндер шырқалды.Сонымен қатар, «Құлагер» поэмасынан сахналық көрініс қойылып, кеш соңында қатысушыларға арнайы алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

"Бір шаңырақ астында"

2019 жылдың 30 сәуір күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастырауымен 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай "Бір шаңырақ астында" атты музей сағаты өтті. Шараға Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің мұғалімдері мен оқушыларының қатысты. Бейнероликтер көрсетіліп, Қазақстан Республикасында тұрып жатқан өзге этностық ұлт өкілдерінің Қазақ Еліне қоныс аудару себептері мен тарихы туралы мағлұмат берілді. Е.Жайсаңбаев мектебінің мұғалімі Арай Жолдасқызы оқушыларды береке мен бірлікке шақырып,Қазақстанның бірлігі мен ынтымағы жарасқан мемлекет екенін айтты.

«Бірлігі жарасқан халықпыз»

Үстіміздегі жылдың 30 сәуірінде 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында Н. Алдабергеновтың мемориалды музей қызметкерлері «Бірлігі жарасқан халықпыз» атты мерекелік іс-шара өткізді. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Шараның мақсаты – халықтар арасындағы достықты нығайту, оқушыларды патриотизмге, елін -жерін сүюге және басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. Аталмыш шараға Алдабергенов ауылдық округ мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен Байысов атындағы орта мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында оқушылар арасында «Тапқыр достар» ойыны ойнатылды. Сонымен қатар тақырыпқа сай бейнеролик көрсетіліп, өлеңдер оқылып, әуелеген ән шырқалды. Соңында қонақтарға музей бойынша арнайы экскурсия жүргізілді.

«Ынтымақ – бұзылмайтын қорған»

Ү.ж. 30 сәуір күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану қызметкерлері 1- мамыр Халықаралық бірлік күніне орай «Ынтымақ – бұзылмайтын қорған» атты мерекелік шара өткізді. Шараның мақсаты: көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Шара барысында ауданымызда тұратын ұлттар туралы мәлімет берілді. Әр ұлттың әндері шырқалып, билері тамашаланды. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетін насихаттау мақсатында көрме ұйымдастырылды. Шараға №1 Қабанбай орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары қатысты.

«Аңырақай шайқасының қазақ тарихындағы алатын орны»

Ағымдағы жылдың 26-сәуірінде, Батыр бабалар мемориалды кешені қызметкерлері, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Қазақ-Жоңғар қақтығысының ең бір шешуші кезеңі – Аңырақай шайқасының 290 жылдығына орай, Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылындағы Ушинский орта мектебі оқушыларына «Аңырақай шайқасының қазақ тарихындағы алатын орны» атты тақырыпта ғылыми танымдық дәріс өткізді. Дәрістің мақсаты – өскелең ұрпаққа, Әбілхайыр ханның басшылығымен 1729 (кейбір деректерге қарағанда 1730 ж.) Жетісу өңіріндегі Аңырақай тауынан (Жамбыл ауданы) бастау алып – Балқаш көлінің оңтүстік шығысындағы Итішпес көліне дейінгі аралықты қамтыған тарихта «Аңырақай шайқасы» атымен қалған шайқастағы қазақ батырларының ерен еңбегі жайында баяндау болды.

«Киелі жерге тағзым»

Ү.ж. 29 сәуір күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері №1 Қабанбай орта мектебінің ұжымымен бірігіп «Жолаушы и К» ЖШС-нің басшысы Қ.Қожабековтың қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Киелі жерге тағзым» атты Алакөл ауданының киелі орындарына танымдық экспедиция ұйымдастырды. Экспедиция мақсаты: өлкенің тарихымен таныстыру; Туған жерді сүюге тәрбиелеу.Экспедиция бағыты Аңырақай шайқасының 270 жылдығына орай орнатылған ескерткішінен бастап, Тоқболат батыр, Есім төре кесенелері және «Борша шайқасы» өткен жерлерді қамтыды. Шара барысында аталған орындарға байланысты мәліметтер беріліп, өлке тарихына байланысты аңыздар айтылды. Экспедиция мүшелері бұл шарадан жақсы әсер алды.

«Ұлы даланың жеті қыры-ұрпаққа ұлағат»

27 сәуір күні «Жетісу көктемі» атты дәстүрлі форум Жетісудың жауһарының бірі, тамылжыған табиғатымен ерекшелетін келісті Кеген ауданы, Саты ауылында ұйымдастырылды. Форумға келген қонақтарға аудандық тарихи-өлкетану музейі «Ұлы даланың жеті қыры-ұрпаққа ұлағат» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырды. Форумға Қазақстан Жазушылар одағының Алматы облыстық филиалының директоры Ерлан Жүніс, «Egemen Qazaqstan» газетінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі Қалмахамбет Мұқаметқали, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Карбозұлы Башбаев, аудан әкімі Талғат Ескендірұлы Байедилов жәнеаудан тұрғындары, өңіріміздің аудан, қалаларынан келген жастар мен мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдері қатысты.Жас тілші-әдебиетшілерді бір арнаға тоғыстырып, әдеби орта қалыптастыруды мақсат тұтып отырған бұл форум жаңа бастамаларға серпін береді деген ойдамыз.

"Асқақ жырдың ақиығы"

Ү.ж 25 сәуірінде І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ақсу аудандық "Молықбай" атындағы мәдениет үйінде "Асқақ жырдың ақиығы" атты тақырыпта жылжымалы көрме өтті. Көрме барысында көрермендер Ілияс Жансүгіров пен жары Фатима Ғабитованың өмірі мен шығармашылықтарынан сыр шертетін құнды жәдігерлермен танысты.