"Рухани жаңғыру - ұлы дала руханиятын таныту"

2019 жылдың 26 сәуір күні Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде, бүгінгі рухани жаңғыру кезеңіндегі ұлтымыздың асыл-мұратына айналған өресі биік өркениетіміздің құндылықтарын, ата-бабаларымыздың мирас еткен ұлы мұрасын таныту мақсатында "Рухани жаңғыру - ұлы дала руханиятын таныту" тақырыбында семинар өтті. Шараға тарихшылар, жас өлкетанушылар мен мектеп мұғалімдері қатысты. Қытай мен Еуропа елдерінің арасын байланыстырған Ұлы Жібек жолына алтын көпір болған өлкеміздегі Көктам, Ақтам, Бақанас, Бояулы, Ағашаяқ, Қарамерген сынды көне қалашықтарымыздың тарихын, ежелгі керуен жолдары салған сауда байланысы арқылы өркениетіміздің, діни және мәдени дәстүрлеріміздің дамуы мен сол кезеңдегі ғажайып жетістіктеріміз жайлы мағлұматтар беріліп, құм астындағы құндылықтарымыз, ашық аспан астындағы мұражайлар қасиетті орындар мен киелі жерлерге құрылған көрме ұйымдастырылды.

"Музей - танымдық тəрбие орталығы"

26 сəуір күні Шелек тарихи -өлкетану музейінің қызметкерлері О. Жандосов атындағы орта мектеп оқушыларына "Музей - танымдық тəрбие орталығы" атты тақырыпта дәріс оқыды. Мақсаты: оқушыларға музей туралы түсінік беріп, жас ұрпаққа музейдің тəлім -тəрбие беретін ғылыми -мәдени және рухани мекеме екендігін насихаттау.

«Ертегілер елінде»

26 сәуір күні Алматы облысы М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музей қызметкерлері «Аяулым» жекеменшік бөбекжай-балабақшасына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ертегілер елінде» атты арнайы жылжымалы көрме ұйымдастырды. Аталмыш көрмеде Жетісудың аң-құстары туралы мәліметтер ертегі желісінде айтылды. Шара сергіту сәтінен басталып, аң-құстардың ерекшеліктерін қимыл арқылы көрсетіп, олардың дыбысталуы туралы бүлдіршіндер қайталап отырды. Сондай- ақ бүлдіршіндерді қызықтыру мақсатында жұмбақ ойыны ойнатылды. Бұл шара бүлдіршіндерге әрі пайдалы, әрі қызықты болғандығы соншалық, балалар үшін өте жақсы демалыс пен тосын сый болды.

«Өлеңнің өрен жүйрігі»

2019 жылдың 25 сәуір күні Алматы облысының мәдениет, архивтер, құжаттама басқармасы және М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің қолдауымен, Ілияс Жансүгіров әдеби музейінің ұйымдастыруымен Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына арналған «Өлеңнің өрен жүйрігі» атты облыстық байқау өтті.Жыр Құлагері – Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық әлемін таныту мақсатында өткізілген іс- шараға облысымыздың жалынды жастары қатысты. Алматы қаласынан ақынның немересі Ф.Жандосова және келіні Қ .Қаңтарбаева облыстық байқауға арнайы қатысып, ізгі тілектерін білдірсе, Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның әншілері әсерлі әндерімен көпшіліктің көңілінен шықты. Төрт кезеңнентұратын байқаудың бірінші «Жұртымның жүйрігінің дүлдүлімін» кезеңінде Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасын жатқа білу, «Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай» кезеңінде бір немесе екі шумақ өлең шығару, «Жырдың жарық жұлдызында» ақынның өмі...

«Четырехсотлетняя история Казахстана»

25-го апреля текущего года, в рамках проекта «Историко-культурное наследие», сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района провели позновательную экскурсию «Четырехсотлетняя история Казахстана» для студентов 2-го курса медицинского колледжа «Аяжан». Студентов познакомили с экспозицией залов, посвященных историческим событиям нашей страны охватывающих период джунгарского нашествия, рассказали о великих правителях и полководцах, а так же славном подвиге казахских батыров.

"Өлең сөздің даңғылы, Бар қазақтың Жамбылы"

25 сәуір күні Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Жамбыл ауданы, Саурық батыр ауылындағы Саурық батыр орта мектебінде "Өлең сөздің даңғылы, Бар қазақтың Жамбылы" атты жылжымалы көрме өтті. Көрмеге Жамбыл Жабаевтың жеке заттары, картиналар мен кітаптар апарылды. Барлық оқушыларға экскурсия жүргізілді

"Еңбекшіқазақ ауданы Алтын адам ортасы"

23 апреля 2019 года сотрудники Есикского археолого-краеведческого музея приняли участие в деловой встрече международного уровня с делегацией полиции города Абу-Даби Объединенных Арабских Эмиратов, которая прошла в войсковой части 5574 Илийского района Алматинской области. Гостям была показана выездная выставка " Еңбекшіқазақ ауданы Алтын адам ортасы ", в ходе которой они были ознакомлены с богатой историей нашего края.

Экскурсия

2019 жылдың 25 ақпан күні Елбасымыздың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи- өлкетану музейіне Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығының қызмет алушы балаларына арнайы музей залдары бойынша тегін экскурсия жүргізілді.

«Сарадай сайраған саңлақтар»

2019 жылдың 23 сәуір күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сара Тастанбекқызының шығармашылығына арналған «Сарадай сайраған саңлақтар» атты аудандық жас жазба ақындар мүшайрасы өтті. Мақсаты: ұлттық өнеріміз бен ұлттық мәдениетімізді дәріптеп, Ақын Сара Тастанбекқызының есімін кеңінен насихаттау. Өскелең ұрпақтың өн бойына ұлттық рухты сіңіру. Жазба ақындардың талантын ашып, шығармашылыққа шабыт беру. Іс-шараға Ақсу ауданы бойынша орта мектептерінен 19 жеткіншек қатысып өзара бақ сынасты. Мүшайраның ережесі бойынша «Арнау» атты бірінші кезеңінде жас ақындар ақын Сараға арнауларын арнаса, «Есіңе мені алғайсың» атты екінші кезеңде ақынның бір өлеңін жатқа оқып шықты, «Білгенге маржан» атты үшінші кезеңде қатысушылар білім деңгейлерін көрсете білді. Мүшайраға арнайы шақырылған жазушы, ҚР Мәдениет қайраткері, Республикалық «Қазақ спорты» газетінің...

«Ұлт ұрпағы ұлы тұлғаларын ұмытпайды»

2019 жылдың 24 сәуір күні Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде «Ұлт ұрпағы ұлы тұлғаларын ұмытпайды» атты кездесу кеші өткізілді. Аталмыш шараға Еңбек Ерлерінің ұрпақтары, Ескелді ауданының құрметті азаматтары, ауыл тұрғындары және мектеп оқушылары мен студенттер қатысты. Шараның негізігі мақсаты – Еңбек Ерлерінің халқына, еліне тигізген шарапатын, сіңірген еңбегін, азаматтық қасиеттерін кеңінен насихаттау арқылы келешек ұрпақтың мәңгілік есінде қалдыру. Шара арнайы шақырылған қонақтарды музей ауласында дәстүрлі арнаумен қарсы алумен басталып, Ескелді аудандық кітапханалар қорынан безендірілген «Ұлылар ұлағаты» атты кітап көрмесі таныстырылды. Кездесу кешінде Еңбек Ерлерінің ұлағатты өмірінен сыр шертетін әңгімелер айтылып, олардың ұрпақтарына көптеген сауалдар қойылды. Шара барысында тақырыпқа сай бейнеслайд көрсетіліп, концерттік бағдарлама ұсынылды. Тағылымды кездесу соңы...