«Отбасы – бақыт мекені»

1994 жылы 15 мамыр Халықаралық отбасы күні болып бекітіліп, түрлі мемлекеттерде қоғамның назары отбасыларға аударыла бастаған. Содан бері атаулы мейрам жыл сайын дәстүрінен жаңылмай аталып өтілуде. Осы отбасы мерекесіне орай, «Анаға құрмет» музейінде «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында Кемертоған орта мектебінің оқушыларымен Алматы қаласы Наурызбай ауданының тұрғындары Өтебаевтар отбасымен кездесуінде мерейлі отбасы болудың алғышарттар мен отбасын сақтап қалуды өз өмір жолдарынан мысалдар келтіре отырып әңгімеледі. Шараға одан өзге Райымбек ауылдық округінің тұрғындары, Ушинский атындағы орта мектеп ұзтаздары жас отбасы Алымбаев Бауыржан мен Саденова Салтанат, жанұялық қол өнер шебері Қоныр әулеті қатысты.

Жаркент Мешіті Сәулет-көркемөнер Музейі

Жаркент Мешіті Сәулет-көркемөнер Музейіне мамыр айының 15 күні Атырау облысының Тілдерді дамыту басқармасының ономастика бөлімінің басшысы Жеңіс Сәлуқызы Диашева мен Алматы облысының Тілдерді дамыту басқармасының ономастика бөлімінің басшысы Ақшабаев Ермек Сүндетбайұлы келіп, сәулет өнерін тамашалады

«Тенгри ультра-2019»

Мамыр айының 10-13 күндері аралығында Алматы қаласынан 120 шақырым, Бақанас-Қарой тас жолы бұрылысынан 30 шақырым жердегі Іле жағалауында орналасқан Тамғалы тас шатқалында«Тенгри ультра-2019» Халықаралық марафонға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музей ұжымының ұйымдастыруымен көшпелі көрме өтті.

«Мұражай қазынасы – жастарға мирас»

2019 жылдың 10-шы мамыр күні Ақын Сараның мемориалды музейінде «Мұражай қазынасы – жастарға мирас» атты ашық-есік күні өтті. Экспозиция залдары бойынша экскурсияны музейге келген көрермендерге «Жас экскурсия жүргізуші» атты үйірменің мүшелері жүргізді. Оқушылар өздерін осы күнге дейінгі үйірмеде алған білімдерін іс жүзінде пайдаланып, жас экскурсия жүргізушінің шеберліктерін көрсете білді.

«Атың мәңгі өшпес»

2019 жылдың 14 мамыр күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен І.Жансүгіровке 125 жыл толуына орай «Атың мәңгі өшпес» атты кеш өткізілді. Кеште І.Жансүгіровтың жеке заттарынан «Қасиетті мұра» атты көрме безендіріліп, «Біздің Ілияс» атты бейнеролик көрсетіліп, №28 мектеп оқушылары І.Жансугіровтың туған даласына, табиғатына, жыл мезгілдеріне арнап жазған жыр жолдарына арналған өлендерін оқыды. Іс-шараға шақырылған қонақтар: Имангазинов Муратбек Мубаракханұлы, І.Жансүгіровтың әдеби музейінің меңгерушісі Жауынбаева Нұргүл Қызырбекқызы және №28, №2 мектеп оқушылары.

«Өшпес аты мәңгіде»

2019 жылдың мамыр айының 8-ші жұлдызында, Сарқан ауданының тарихи музейінің қызметкерлері Черкасск орта мектебінің 4 сынып оқушыларына, құғын-сүргін жылдарына ұшыраған М.Тынышпаевтың туған күніне орай «Өшпес аты мәңгіде» тақырыбында лекция өткізді.

Ознакомление с ценностями музея.

13 мая в рамках программы первого Президента РК Н.А.Назарбаева «Рухани жаңғыру», в Есикском археолого-краеведческом музее, в целях ознакомления с наследием оставленными предками, а также повышения патриотического чувства у молодежи, хранительница фондов музея Ибраимова Бота Каргабаевна ознакомила студентов и молодежь города с ценностями музея.

"Рухы биік азамат"

13 мамыр күні Есік археологиялық өлкетану музейінде музейдің негізін қалаушылардың бірі И.М.Бағжановтың туған күніне орай "Рухы биік азамат" атты еске алу кеші өтті. Кешке В.Терешкова атындағы 5 сынып оқушылары қатысып, өмірі мен қызметімен танысты.

Мұхаметжан Тынышпаевтың туғанына 140 жыл

Үстіміздегі жылдың мамыр айының 12-ші жұлдызында қазақтың көрнекті тарихи тұлғаларының бірегейі, Алаш арысы, тұңғыш кәсіби қазақ инженері, ғалым – Мұхаметжан Тынышпаевтың туғанына 140 жыл болды. Алаш ордасы, Түрксиб темір жолы, Түркістан автономиясы, қазақ ұлтының тарихы мен шежіресі, қазақ халқының мүддесін қорғаушы, ұлтжанды азамат деген ұғымдар Мұхаметжан атамыздың атымен тығыз байланысты. Осыған орай сонау Америка Құрама Штаттарынан Мұхаметжан Тынышпаевтың ұлы Дәулет Мұхаметжанұлы Шейх-Али мен немересі Аделя Дәулетқызы Шейх-Али Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейіне арнайы ат басын бұрды. Осы қуанышқа орай Сәуле Ходжикова және де Тұрар Рысқұловтың немересі Аделя Рысқұловамен бірге бірқатар құрметті азаматтар музейдің сыйлы қонақтары болып кетті. Арнайы келген қонақтарды қарсы алып, қонақжайлылық танытқан музей меңгерушісі Ғарифолла Әнес.

"Абай - дана, Жамбыл- дара қазақта! "

13 мамыр күні Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Абай - дана, Жамбыл- дара қазақта! " атты әдеби-кеш өтті. Іс -шарада Абай Құнанбаев пен Жамбыл Жабаевтың өлеңдері айтылып, әндері орындалды. Екі ақынның бір-бірімен байланысы, өлеңдеріндегі ұқсастықтар жөнінде сөз айтылды. Жамбыл атындағы өнер мектебі оқушылар Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін орындады. "Әлқисса", " Ата толғауы" күйлерін орындады. Тәжірибе алмасу мақсатында "Атамекен" мәдени-тарихи орталығының, "Анаға құрмет" музейінің, Сүйінбай Аронұлының әдеби-мемориалды музейінің қызметкерлері арнайы қонақ ретінде қатысты.