«Ұрпаққа ұран болған ұлы ерлік»

8 мамыр күні Мұқан Төлебаевтың мемориалды музей қызметкерлері Жеңіс күніне орай «Ұрпаққа ұран болған ұлы ерлік» атты көрме ұйымдастырды. Шараға Ушинский атындағы орта мектеп оқушылары қатысты. Көрме мақсаты Отан үшін жанын қиған батырлардың ерліктеріне тағзым ету болып табылды. Көрмені тамашалауға келген қонақтар Лепсі ауылынан шыққан соғыс ардагерлерінің өмірімен танысып, Ұлы Отан соғысы туралы білімдерін көтеріп қайтты.

Отан Қорғаушылар күніне орай мерекелік шара

Кеген аудандық мәдениет үйінде 7 мамыр - Отан Қорғаушылар күніне орай мерекелік шара өтті. Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Кеңес Күнесбайұлы жиылған қауымды мерекемен құттықтап, еңбегімен ерекшеленген бір топ әскерилерді аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, сыйлықтар табыс етті. Шарада аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары мен жеке әншілерінің орындауындағы әсем әндер көрермендерге мерекелік көңіл – күй сыйлап, бір сергітіп тастады. Шара соңы әскери шеруге ұласты. Аудан көлеміндегі мектеп оқушылары сапқа тұрып, патриоттық әндер шырқап сарбаз атануға әзір екендіктерін көрсетті. Сонымен қатар, жастар аудандық тарихи – өлкетану музейін аралады. Музейде аудан тарихын, ауданнан шыққан ақын-жазушылардың, еңбек, соғыс ардагерлерінің, өзге де қоғам қайраткерлерінің өмірбаянын тыңдап, мәдени мұра және тарихи ескеркіштермен танысты.

"Ер елінің қорғаны"

06 мая 2019 года в войсковой части 66/54 сотрудниками Есикского археолого-краеведческого музея была организована выставка "Ер елінің қорғаны", посвященная 7 мая - Дню защитника Отечества. Выставку посетили более 500 молодых солдат воинской части 66/54, а также военнослужащие контрактной службы.

"Ер - елінің қорғаны"

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Ер - елінің қорғаны" атты іс-шара өтті. Іс-шарада патриоттық тақырыпта өлеңдер айтылып, күй шертілді. Жастарға өз елінің патриоты болсын деген жылы лебіздер айтылды.

Экскурсия

2019 жылдың мамыр айының 6-шы жұлдызында, Сарқан қаласындағы №1 гимназиясының оқушылары ата-аналарымен, Сарқан ауданының тарихи музейіне және «Черкасск қорғанысы» экспозициялық кешеніне келді. Экскурсия барысында балалар өз өлкелері туралы құнды мәліметтер біліп қайтты. Соңында ұстаздар алғыс кітабына жылы лебіздерін білдірді.

"Ел ертеңі–Ұландар"

2019 жылдың 6-мамыры күні, Батыр бабалар мемориалы қызметкерлері "ҚР Қарулы күштері" күніне орай, "Ел ертеңі–Ұландар" атты тақырыпта Қырғауылды ауылындағы Ушинский орта мектебі оқушыларымен бірлескен іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында, музей қызметкерлері ҚР Қарулы күштері жайында баяндама жасаса, мектеп оқушылары өздерінің мектеп қабырғасындағы "Алғашқы әскери дайындық" пәнінен өткен теориялық және іс-тәжірибелік шеберліктерін көрсетті. Мәселен, Серікқызы Ақнұр "Калашников" автоматын жылдам бұзып, жинау шеберлігімен бөлісті.

«Отаным тағдырым»

Үстіміздегі жылдың 6-шы мамырында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Отаным тағдырым» жобасы аясында және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай, Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Қарасай аудандық әскери бөлімшесінің қызметкерлеріне арнайы экскурсия жүргізді. Экскурсия барысында еліне деген адал қызмет етіп, өз елінің елеулі азаматы болып жүрген генерал-майор Жақсылықов Руслан Фатихұлының өмір жолына кеңінен тоқталып өтті. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта түсуіне қызмет етіп жүрген жандарға музей қызметкерлері сәттілік тілеп тарқасты.

«Бақыт гүлін терген күн»

9 мамыр – Жеңіс күніне орай М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде соғыс және тыл ардагерлерінің қатысуымен «Бақыт гүлін терген күн» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Кеш қонақтары өздерінің соғыс жылдарындағы оқиғаларымен, ерліктерін еске түсірумен қатар, жастардың Отанға деген патриоттық сезімін нығаюына әсер етті.

«Ер қаруы – бес қару»

2019 жылы 4 мамыр күні «Отан қорғаушылар» күніне орай Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері ұйымдастыруымен, Талдықорған қаласы № 25 орта мектебінде «Ер қаруы – бес қару» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында музей қорынан алынған экспонаттардан «Бабалар жолымен» атты көрме қойылды. Балалар тамашалаған көрмеге бес қару мен қатар Ұлы Отан соғысында пайдаланған қарулар қойылып, қазіргі Қазақстанның замануи қарулары слайдтан көрсетілді. Балардың барлық назары «Қобыланды батыр» атты видео фильмге аударылды. «Қазақ батырының серігі-бес қару» атты дәрісте оқушылар қазақстандық қару зерттеушілердің жазған ғылыми еңбектерінен пайдалы материалды қызыға тыңдап, сурақтарына жауап ала отырды. Соңында балалар викторина сурақтарына жауап беріп, білгендерін ортаға салды.

Экскурсия

2019 жылдың 3 мамыр күні Шелек тарихи-өлкетану музейінде Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында көтерген мәселелерді жүзеге асыру мақсатында, Ы.Алтынсарин орта мектебінің 5-сынып оқушыларына музей залдары бойынша қызықты экскурсия жүргізіліп, сұрақтарға жауап берілді.