«Ұлы даланың жеті қыры»

2019 жылдың 1 сәуір күні Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры » атты мақаласын іске асыру мақсатында Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейінде облыс көлемінде жастар кеңесінің төрағаларының қатысуымен «Ұлы даланың жеті қыры» атты көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: Ұлы даланың сан ғасырлық мұрасын сіңіру, кеңінен насихаттау.

"Өнерін өнеге еткен"

1 сәуір күні қазақтың атақты күйшісі, композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиев Атабайұлының туылған күніне орай, Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде "Өнерін өнеге еткен" атты кеш ұйымдастырылды. Кешке Жамбыл ауылындағы өнер мектебі оқушылары мен Алматы қаласындағы "Әлқисса" домбыра студиясының шәкірттері қатысты. Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық халық оркестрінің директоры, халық қаһарманы Нұрғиса Дәулешов балаларға батасын берді. Қонақтар атынан осындай әсем әуенді кеш ұйымдастырған Жамбыл музейі қызметкерлері мен "Әлқисса" домбыра студиясының меңгерушісі Қанатбек мырзаға алғыс айтылды.

Экскурсия

2019 жылдың сәуір айының 1-ші жұлдызында Сарқан ауданының тарихи музейіне Сарқан қаласының №1 мектеп - гимназиясынын оқушылары, ұстаздары және ата-аналары музейге келіп, аудан тарихыжәне экспозициясымен танысты.

"Құстар біздің досымыз"

І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 сәуір Құстар күніне орай "Құстар біздің досымыз" атты тақырыпта "Айжұлдыз" балабақшасында арнайы жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрмеге музей қорындағы Ақсу ауданының табиғатында кездесетін құстардың тұлыптары қойылды. Көрме барысында балаларға құстар туралы көптеген мағлұматтар беретін видеороликтер көрсетіліп ойындар ойнатылды.

"Поэзия аққуы"

2019 жылдың 28 наурыз күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Әдия Сексенбаева мен Марфуға Айтқожинаның өмірі мен шығармашылығына арналған "Поэзия аққуы" атты әдеби кеш өткізілді. Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары қатысуымен өткен іс-шарада қос ақынның өлеңдері оқылып, фото және бейнематериалдар көрсетілді.

«Қазақстанның бейнелеу өнерi мен Ә.Қастеев мұрасы»

14 января художнику Абылхану Кастееву исполнилось бы 115 лет. В связи с данным событием, в рамках статьи Н.А.Назарбаева «Семь граней Великой степи» 29 марта 2019 года сотрудники Алматинского областного историко-краеведческого музея имени М.Тынышпаева с целью пропаганды мастерства художника, который не только отличился особенностью профессионализма, но и сумел с сыновьей любовью отразить в своих произведениях родные места, быт, традиции своего народа, а также привить и развить интерес к рисованию, организовали конкурс рисунков на тему: «Қазақстанның бейнелеу өнерi мен Ә.Қастеев мұрасы». Конкурс рисунков был объявлен 10 февраля, а 20 марта рисунки были предоставлены жюри (Союз художников). Итоги конкурса состоялись 29 марта в историко-краеведческом музее. Посетители музея увидели произведения участников конкурса на выставке. Отличившиеся были награждены дипломами и подарками, остальные дети получили сертификаты за участие в конкурсе. Руководители призеров конкур...

Тақырыптық экскурсия.

2019 жылдың 28 наурыз күні М. Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінiң қызметкерлері "ЛА-155|16 СИЗО №1 ауысымына" тақырыптық экскурсия жүргізді. Экскурсия барысында елiмiздің мақтанышы Алтын Адамға, сондай-ақ Қойлық қаласы мен ат әбзелдеріне жеке тоқталды.

Жамбыл атындағы әдеби-мемориалды музейіне саяхат.

Ү.ж. 27-ші наурызында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тарихи-мәдени мұра» жобасы аясында,Қарасай ауданының тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Қаскелең қаласының мектептерінен жетім және жартылай жетім балаларын, көп балалы отбасы балаларын Жамбыл атындағы әдеби-мемориалды музейіне апарып қайтты. Сөздері ұранға айналып, халық поэзиясының атасы атанған, еліне қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл атамыздың өмірі мен шығармашылығы туралы музей қызметкерлері кеңінен баяндап берді. Бұл шараның мақсаты, балаларды Жамбыл Жабаев музейімен таныстыра отырып, ақынның шығармашылығы туралы түсінік беру, ата бабаларын, ұлттық өнер мен дәстүр-салттарымызды құрмет тұтуға тәрбиелеу.

«Жылдың басы - Әз Наурыз»

2019 жылдың 20 наурызы күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Наурыз мейрамына орай «Жылдың басы - Әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Ұйымдастырылған мерекеге Қапал ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері, мектеп ұстаздары мен оқушылары, ауыл ақсақалдары мен әжелері қатысты. Мереге келген ата-аналар қазақтың салты «Бесікке бөлеу» рәсімін көрсетті. Ауылымыздың қариясы Қалибек Жәнібекұлы ақ бата-тілегін берді. Оқушылар қонақтарға Наурыз мерекелелік өлең шумақтарын арнап, ән айтты. Толқын Саяжан орындауында «Қос алқа» күйі тартылды. Оқушылар арасында қазақтың ұлттық ойындары: қол күрес, асық ату, арқан тартудан жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар мен грамоталар берілді. Мереке дастархан басында жалғасын тауып, қонақтар наурыз көжеден дәм татты.