Бүгін 26 ақпан күні ақын, жазушы, драматург,Қазақстан Жазушылар одағының тұңғыш төрағасы, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің қайтыс болған күніне орай «Ілияс өмірінің соңы»атты дәстүрлі еске алу кеші Талдықорған қаласындағы ақынның әдеби музейінде өтті.Сұм саясаттың құрбаны болып, жазықсыз жазаланған жазушы ЖансүгіровІлиястың шығармашылығы мен өнегелі өмірін кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға ақын атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ілиястанушы профессорлары, Алматы облысының Дін істері басқармасы және М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің имамы,қалалық ардагерлер ұйымының мүшелері, қаламыздағы № 2, 15 орта мектептерінің оқытушылары мен оқушылары қатысты.
Шара басталмас бұрын ақын рухына арнап құран оқылып, дұға бағышталды.Жетісу мемлекеттікуниверситетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, «Ілиястану» ғылыми-практика...