"Алтын адам -ғасыр тарихы"

Үстіміздегі жылдың 2 наурыз күні Елбасымыздың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи өлкетану музейінің қызметкерлері Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп интернат колледжінде тарих, құқық жəне өзін-өзі тану бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанатына арнайы "Алтын адам -ғасыр тарихы" атты жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. Аталмыш көрмеге 7,8,10 сынып оқушылары мен жетекшілері қатысты. Көрменің өсіп келе жатқан жас ұрпақ үшін берері мол болды. Білімгерлер Алтын адамның аңызы мен ақиқаты жайында қызықты мәліметтер алып, өз өлкесінің тарихи құндылықтарына деген қызығушылықтары артты. Сондай ақ, шара барысында "Мен қазақпын" атты патриоттық əн айтылып, құнды жəдігер туралы өлең жолдары оқылып, "Адай"күйі шертілді. Шара соңында "Біздің мақтанышымыз" тақырыбында викториналық сұрақ жауап ойыны ұйымдастырылып, қанатты сөздер құрастырылды.

«Өлеңге тағзым»

Елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні 1 наурыз - Алғыс айту күні.Қазақ халқының дархандығы мен даналығын көрсететін осы айтулы мерекеге орай бүгін Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Зайда Елғондинованың «Өлеңге тағзым» атты поэзиялық кеші өткізілді. Кешке арнайы шақырылған қонақтар: ақындар мен жазушылар қатысты. Шара барысында қасиетті өлең-жырды ардақтап, оны өмірлік серігіне айналдырған ақынның шығармалары тыңдалып, кеш қонақтарына алғыс хаттар табыс етілді.

«Алғыс айта білеміз бе?»

2019 жылдың 1 наурыз күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері О.Молдағожин атындағы орта мектебінің 2 сынып оқушыларына «Алғыс айту» күніне орай «Алғыс айта білеміз бе?» атты сабағын өткізді. Шара барысында 1 наурыз - Алғыс айту күні еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен жарияланғанын жәнеалғыс кімге, не үшін айтылатыны түсіндірілді. Адам бойындағы рухани құндылықтар жайлы мағлұмат берілді. Сабақ соңында оқушылар «Алғыс күні» туралы өз ойларымен бөлісті.

"Алғыс айту -парызым!"

2019 жылдың 1 наурызында Алғыс айту күніне орай, "Алғыс айту -парызым!" тақырыбында Шелек тарихи -өлкетану музейінің Сөгеті филиалында О. Жандосов мектебінің оқушыларына танымдық сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушылардың сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Ризашылық пен алғыс туралы түсініктерін, ауылды көркейткен ата -əжелердің еңбектері, олардың өмірлерінен сыр шерту. Үлкенге - құрмет, кішіге -ізет көрсетуге тәрбиелеу. Алғыс айту түсініктерін кеңейту.

«Мой любимый город Талдыкорган»

1 марта 2019 года сотрудники Алматинского областного историко-краеведческого музея имени М.Тынышпаева совместно со студентами колледжа сервиса и технологий г. Талдыкорган организовали мероприятие «Мой любимый город Талдыкорган». В ходе мероприятия учащимся была проведена познавательная экскурсия и подробно рассказано об истории города.

"Ашық есік" күні

Наурыз айының 1-ші жұлдызында Алғыс айту күніне орай Сарқан ауданының тарихи музейінде "Ашық есік"күні акциясы ұйымдастырылды. Шараға Сарқан ауданынан ауған соғысының ардагерлері мен Черкасск орта мектебінің мұғалімдері келіп, өлке тарихымен және Сарқан ауданынан шыққан ұлы тұлғаларымен, Ұлы Отан соғыс ардагерлерімен танысты. Соңында қонақтар музей қызметкерлеріне алғыс айтып, ұсыныс кітабына жылы лебіздерін білдірді..

«Поэзия патшайымы»

2019 жылдың 28 ақпан күні Ақын Сараның мемориалды музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қазақтың ақын қыздары - дара туған» атты жобасы аясында Тұрсынхан Әбдірахманова мен Фариза Оңғарсынованың өмір жолы мен шығармашылығына арналған«Поэзия патшайымы» атты әдеби кеш өтті. Аталған шараға Е.Жайсаңбаев пен Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің оқушылары қатысты. Фото, бейнематериалдардың негізіндеқос ақынның өмір жолы мен шығармашылығына мағлұмат беріліп, Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің оқушыларының орындауында ақындардың өлеңдері мен арнаулар оқылды. Әдеби кеш соңында ауылымыздың өнерпаз азаматы Досжанов Болат Мұқағали Мақатаевтың «Фариза жаным» өлеңін паш етті. Экскурсия жүргізуші оқушыларға музей экспозициясымен таныстырып өтті.

Участники Республиканского семинара

1 марта 2019 года Алматинский областной историко-краеведческий музей имени М.Тынышпаева посетили врачи санитарной - эпидемиологической службы - участники Республиканского семинара «Организация и проведение лабораторных исследований менингококковой инфекции» организованного РГП на ПХВ «Национальный центр экспертизы» КООЗ МЗ РК филиала по Алматинской области. Для гостей со всех областей Казахстана была проведена подробная экскурсия по залам Алматинской области.Участники семинара остались довольными и пожелали сотрудникам музея творческих успехов.

"Қазақ халқының салт-дәстүрлері, киімдері, тағамдары"

2019 жылдың ққпан айының 28-ші жұлдызында Сарқан ауданының тарихи музейінің қызметкерлері Черкасск орта мектебінің 8 "А" сынып оқушыларына "Қазақ халқының салт-дәстүрлері, киімдері, тағамдары" туралы әңгіме өткізді.

"Невада-Семей"

Үстіміздегі жылдың 28 ақпан күні І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Невада-Семей" қозғалысына 30 жыл толуына орай мектеп оқушыларына арнайы дәріс оқылды. Мақсаты: жасұрпаққа адамзат өміріне қауіп төндірген Семей полигоны жайлы, оның зардаптары және Семей ядролық сынақ полигонындағы қатерлі қару зардабынан жазықсыз жапа шеккендер жайында, полигон сұмдығы жайында баяндалды. Ядролық қарудан бас тартқан еліміздің халықаралық аренадағы рөлі туралы мағлұматтар берілді.