Пресс-центр
"Көне ғасыр сыр шертеді
Үстіміздегі жылдың 6 ақпан күні Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы аясында Есік археологиялық-өлкетану музейінің қызметкерлері Ж. Қайыпов атындағы орта мектебінде "Көне ғасыр сыр шертеді" атты көшпелі көрме безендіріп, сонымен қатар, "Алтын адам: аңыз бен ақиқат" атты дәріс оқып қайтты. Оқушылардың тарихи білімдерін кеңейту мақсатында өткізілген бұл шараға 300-ден астам мектеп оқушылары қатысты.
Подробнее
08.02.2019
"Қазақ әдебиетінің Құлагері"
Үстіміздегі жылдың 5 ақпаны күні І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ақиық ақын І.Жансүгіровтің 125 жылдық мерей тойына орай "Қазақ әдебиетінің Құлагері" атты тақырыпта "Мамания" орта мектебінде жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрме барысында көрермендер назарына ақынның шығармашылық жолынан сыр шертер проза, повестері, поэмалары мен өлеңдерінен құралған кітаптары, сонымен қатар ақынның сирек кездесетін фотосуреттері, құжаттары, көзі тірісінде қолданған бұйымдары ұсынылды.
Подробнее
07.02.2019
"Ұлы даланың жеті қыры – ежелгі өркениеттің жеті сыры"
Үстіміздегі жылдың 6 ақпан күні Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде "Нұр Отан" партиясының 20 жылдығына орай, аудандық партия филиалымен бірлескен "Ұлы даланың жеті қыры – ежелгі өркениеттің жеті сыры" тақырыбында рухани-танымдық шара ұйымдастырылды. Шараға аудандық партия филиалының ұжымы және Б.Бейсекбаев атындағы орта мектептің оқушылары қатысты.
Подробнее
07.02.2019
«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...»
2018 жылдың 6 ақпан күні Ілияс Жансүгіровтің әдеби музейінде қазақ поэзиясының Хантәңірі- Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Авиценна» медициналық колледжінің білімгерлеріне «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...» атты тақырыптық экскурсия өткізілдіі. Мақсаты: ақиық ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, халық көңілін сусындатқан, тіршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын жырлайтын Мұқағали мұрасы, поэзиясымен танысу. Экскурсия барысында «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты кітап көрмесі таныстырылып, жас оқырман қауым ой бөлісіп, жыр шумақтарын оқыды.
Подробнее
06.02.2019
"Мұқағали - мәңгілік ғұмыр"
5 февраля текущего года ко дню рождения поэта Мукагали Макатаева в архелого-краеведческом музее г.Есик был проведен литературно-музыкальный вечер "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр". В мероприятии приняли участие учащиеся 5 "б" класса средней школы им. Р.Токатаева и студенты отделения "Туризм" Есикского гуманитарно-экономического колледжа.
Подробнее
05.02.2019
Батыр бабалар мемориалды кешені
2019 жылдың 31-қаңтары күні, Батыр бабалар мемориалды кешеніне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы келіп, музейдің көрме-экспозициялық залымен танысып қайтты. Қарасай ауданына арнайы іс-сапармен келген Әбдіманап Елікбайұлы музейде, Қаскелең қаласындағы мәдениет колледжінің студеттерімен кездесіп, Елбасының 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялап, жастарға білім, мәдениет және т. б. салалар бойынша қолдау көрсетілетіндігін айтып өтті. Сондай-ақ, музейдің құрметті қонағы, еліміздің болашағы - жастарға мамандық таңдау барысына үлкен мән беру керек екендігін айтып, студенттермен пікір алмасты.
Подробнее
01.02.2019
«Тарихи сананы жаңғырту»
2019 жылдың 1 ақпан күні І.Жансүгіровтің әдеби музейі мен №1 Талдықорған қалалық емханасының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Тарихи сананы жаңғырту» атты облыстық шара өтті. Мақсаты: Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын терең түсініп, дұрыс тарихи сананың қалыптасуын дәріптеу. Шара барысында алғашқы құттықтау сөз І.Жансүгіровтің әдеби музейінің меңгерушісі Н.Қ.Жауынбаеваға беріліп, №1 Талдықорған қалалық емханасының гериатр дәрігері С.Қабықбаев Елбасының батыл бастамалары жөнінде баяндама жасады. Шара патриоттық ән-күйлермен жалғасын тауып, «Авиценна» медициналық колледжінің белсенді білімгерлері «2019 жыл – Жастар жылын» қолдауға бағытталған флешмоб ұйымдастырды. Шара соңында І.Жансүгіров әдеби музейінің залдары бойынша экскурсия жүргізілді.
Подробнее
01.02.2019
"Алтын адам"
Үстіміздегі жылдың 31 қаңтарында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласына арқау болған, көне заманның теңдесі жоқ жәдігері "Алтын адам" жайлы тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында Алтын адамның алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін, сонымен бірге, Ұлы даланың ежелгі металлургиясы мен аңдық стильдің қарыштап дамуы Алтын адам сұлбасынан анық байқалатыны жайлы көптеген мағлұматтар берілді.
Экскурсияны оқушылар өте қызығып әрі зейінмен тыңдады.
Подробнее
01.02.2019
Музей залдары бойынша экскурсия
2019 жылдың 31 қаңтар күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейіне Астана қаласынан жұмыс сапарымен келген ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің қызметкерлері келді. Қонақтарға музей залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейі көрсетілген 3D туры таныстырылды. Өлке тарихынан сыр шертетін музей экспозициясы көңілдерінен шығып, ерекше әсер қалдырды. Келген қонақтар экскурсия аяқталғаннан кейін музей қызметкерлеріне өз жылы лебіздерін білдірді.
Подробнее
31.01.2019