НОВОСТИ

МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС МӘДЕНИ МҰРАНЫ ТІЗІМДЕУ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНА ЖАСАЛҒАН ҮЛКЕН ҚАДАМ

МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС МӘДЕНИ МҰРАНЫ ТІЗІМДЕУ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНА ЖАСАЛҒАН ҮЛКЕН ҚАДАМ

Биылғы жылдың 22-29 қыркүйегі аралығында ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны түгендеу бойынша Жетісу облысының бірқатар аймақтарында кездесулер мен семинарлар өтті. Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы жанындағы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитетінің мүшесі Имамбек Евфрат Бағдатұлы басты спикер ретінде өлкемізге келді. Ол дәстүрлі мәдени тәжірибелерді құжаттандыру бойынша кешенді жұмыстың маңыздылығын, сондай-ақ, оларды ел ішінде де, шетелде де ілгерілетудің қажеттілігін түсіндірді.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен аталған жұмыс тобының құрамына мәдениет, спорт, туризм, білім саласының мамандары кірді. Сапар барысында қолөнер, дәстүрлі ән, жыр, терме, аңыз әңгімелер, сокралды жерлер, саятшылық, ұлттық ойын түрлерінің тізімі жасақталды. Бұл сапардың негізгі мақсаты — өңірге тән элементтер есебінен Ұлттық тізімді түгендеу, жаңарту және кеңейту. 

Мәдени мұраны түгендеу барысында атқарылған бұл игі шаралар үлкен жұмыстың бастамасы ғана. Алдағы уақытта сараптамалық топ жұмысы нәтижесінде толықтай жасақталып, Ұлттық тізімге енгізілетін болады. Бұл дегеніміз – Ұлттық мұрамызды әлемге насихаттауға, мәдени байлығымызды паш етіге үлкен жол.   

                                                    Қалқаман АБДРАХМАНҰЛЫ                                  Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің редакторы