МУЗЕЙДІҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
Қазан айының 3-24 аралығында Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері Нұрахметов Нұрсұлтан археология саласындағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту мақсатында Солтүстік Қазақстанның ерте және ортағасырлық көшпенділердің қорғандарын зерттеу бойынша жас ғалымдарға арналған археологиялық экспедицияға қатысты.
Экспедиция кезінде жер үйіндісі бар қорғандарды қазу, қабір орнын анықтап беткі қабатын тазару әдістемесін игерді. Сонымен қатар, Trimble GNSS жүйесінің көмегімен қазбаларды аэрофототүсірілім және бекіту бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі алынды. Іс-шара қорытындысы бойынша сертификат иеленді.
Әлкей Марғұлан атындағы «Павлодар педагогикалық университеті» археологиялық зерттеулер институтының директоры Т.Н.Смағұлов 2026 жылы М.Тынышбайұлы атындағы Жетісу облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесіп Жетісу ескерткіштерін зерттеу бойынша археологиялық экспедиция өткізу туралы ұсынысын білдірді.
