«Жер жәннаты - Жетісу» атты керуені еліміздің ірі қалаларына жол тартты
Қараша айының 3-5 күндері Жетісу облысының туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған «Жер жәннаты - Жетісу» керуені Алматы қаласынан бастау алып, Тараз, Шымкент қалаларында өз жалғасын тапты. Шара барысында Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Салих Ақбота Жетісу өңірінің ескеркіштерге бай тарихи жерлері мен мәдени орындарымен таныстырды.
Бұл керуен алдағы күндері Түркістан, Қызылорда қалаларында облысымыздың туристік мүмкіндіктерін көпшілікке кеңінен насихатталып, өңірдің мәдени-тарихи орындары таныстырылатын болады.
