Қонаевтың туған күніне орай музейде тақырыптық экскурсия өткізілді
Бүгін, мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың туған күні.
Елдің дамуына айтарлықтай үлес қосқан тарихи тұлғаның өмірі мен еңбек жолы өскелең ұрпаққа қашан да үлгі, өнеге. Ізгілік, адамгершілік, адалдық пен парасат биігінен орын алған Димаш Ахметұлының мемлекет басқару кезіндегі ұлы істерінің нәтижесінде мемлекет әр сала бойынша үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Соның ішінде, мәдениет пен өнер де дамудың нәтижесін көрсетті.
Осы орайда, №5514 әскери бөлімнің сарбаздарына «Ел үшін туған ер» атты тақырыптық экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында Дінмұхамет Қонаевтың қызметі, ел үшін атқарған игі істері, жеке қасиеттері турасында айтылды.
