НОВОСТИ

Нұрмолда Алдабергеновтың мемориалды музейі аумағында тағылымды шара ұйымдастырылды

Нұрмолда Алдабергеновтың мемориалды музейі аумағында тағылымды шара ұйымдастырылды

Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов – өнегелі өмірі мен адал еңбегі арқылы елге үлгі болған тарихи тұлға. Оның еңбек жолын жалғастырып, тәлімін көрген шәкірттерінің бірі – еңбек ардагері, Алматы облысының құрметті азаматы Шайбала Тергеуова. Ол өз ұстазының рухына тағзым етіп, кейінгі ұрпаққа өнеге болар игі іске атсалысты.

Бүгін Нұрмолда Алдабергеновтың мемориалды музейі аумағында тағылымды шара ұйымдастырылып, Шайбала Тергеуова музей ауласына ағаш отырғызу жұмыстарына қатысты. Бұл игі іс тек табиғатты көркейту ғана емес, сонымен қатар ұлы тұлғаның есімін ұлықтап, оның еңбекқорлыққа негізделген өмір жолын жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында өткізілді.

Шара барысында мектеп оқушылары да белсенділік танытып, ағаш отырғызу жұмыстарына атсалысты. Жас буынның бұл іске қатысуы – олардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, еңбекке баулудың жарқын көрінісі болды. Мұндай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы оқушылар ұлы еңбек адамдарының өмірінен тағылым алып, елге қызмет етудің маңызын түсінеді.

Осылайша, музей ауласында отырғызылған әрбір тал – өткенге құрмет пен болашаққа деген сенімнің белгісі. Бұл игі іс ұрпақтар сабақтастығын жалғап, ел тарихындағы еңбек ерлерінің есімін мәңгілік жаңғырта түседі.

Музей редакциясы