Қызмет пен парасаттың жолы: Т.Қалилаханов
Биыл Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, журналист, публицист, драматург Тәңірберген Қалилахановтың 110 жылдығы. Осыған орай Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде Талдықорған қаласындағы №18 орта мектебінің оқушыларына «Қызмет пен парасаттың жолы: Т.Қалилаханов» атты тақырыптық экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында оқушыларға Тәңірберген Қалилахановтың өмір жолы, майдан даласындағы ерліктері айтылды. Сондай-ақ, ұлт руханиятына сіңірген еңбектері мен шығармашылығы туралы кеңінен мағлұмат берілді.
