НОВОСТИ

Балаларды қорғау күніне орай шеберлік сабат ұйымдастырылды

Балаларды қорғау күніне орай шеберлік сабат ұйымдастырылды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Айналайын» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне «Өнер фабрикасы» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді.

Шара балалардың бос уақытын пайдалы әрі қызықты өткізуіне,  олардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығаюына, ортада еркін араласуына ықпал етті. Шығармашылық процесс балаларға жағымды эмоция сыйлап, көңіл-күйлерін көтерді.