«Алаштың ұраны - Талғардың Тұрары»

2019 жылдың 10 желтоқсан күні Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде Талғар ауданының мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе отырып, мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Алаштың ұраны - Талғардың Тұрары» атты тақырыпта музей түні өтті. Жиынға Талғар ауданының мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Фарида Мамырбековна, Талғар аудандық кітапханасының қызметкерлері, Іле ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қатысып, музей залдарымен танысты.

«Желтоқсанда үзілген жауқазын»

10-го декабря текущего года, сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района провели познавательный «Желтоқсанда үзілген жауқазын» для студентов колледжа имени Сулеймана Демиреля. Главная цель урока – объяснить цель выступления молодежи в декабре 1986 года на площади Республики, их протест командно-административным действиям Центра. Также на уроке было поведано о долгом пути к независимости, о которой мечтали наши предки.

"Тәуелсіздік - бізге оңай келген жоқ"

Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 10 жұлдызында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік - бізге оңай келген жоқ" атты тарихи танымдық шара ұйымдастырылды. Аталған іс - шараның ашылуы мемлекеттік әнұранмен басталып, ары қарай Қазақстанның өткені мен бүгінін қозғай отырып, еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуінің оңай жолмен келмегенін жас ұрпақтың санасына сіңіре отырып, желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасы түсіндірілді.Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, олардың ерлігі жайында түсіндіріліп, батырлығын насихаттау барысында "Желтоқсан желі ызғарлы"атты бейнебаян көрсетілді.

"Қазақ халқының салт-дәстүрілері"

10 желтоқсан күні Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде Бақанас аграрлы-индустриалдық колледж студенттері мен мұғалімдерінің қатысуымен "Қазақ халқының салт-дәстүрілері" тақырыбында экскурсия жүргізілді. Аталмыш тақырыпта құрылған экскурсия халқымыздың алтын қазығы, оның салт-дәстүрлерінің, әдет-ғұрпының құндылығын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында, ұлағатты салт-дәстүрді дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Тұрмыстық салт-дәстүрлердің ерекшелігін даралап көрсететін мазмұнға бай экскурсиядан алған әсерлерлері мол болды.

"Желтоқсан желі ызғарлы..."

Бүгін Жаркенттегі "Жауынгерлік Даңқ" музейінде "Желтоқсан желі ызғарлы..." тақырыбында Желтоқсан көтерілісі құрбандарын еске алу және Е. Сыпатаевты мемлекетіміздің ең жоғарғы марапаты "Халық Қаһарманы" атағына ұсыну жайлы кездесу кеші өтті. Кездесуге ПҚ "Желтоқсан Ақиқаты" Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің төрағасы Б. Құрымбаев, осы бірлестіктің Алматы облысы бойынша жетекшісі І.Тойлыбайұлы, орынбасарлары - І. Мұсабаев, Е. Айтуаров пен ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы М. Илипов, ақын, жазушылар Ә. Төреханұлы, М. Солтанаев, т. б. желтоқсаншы қыз-жігіттер мен қаламыздағы Жамбыл, Еңбекші орта мектебінің оқушылары қатысты. Кеш соңында қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғалар осы бір игі бастаманы қолдайтындықтарын білдіріп, қолдарын қойып, мөрлерін басты. Музей қызметкерлері ұйымшылдықпен жоғары деңгейде өткізген кешті меңгеруші Қ. Ибрайымжанов қортындылады. Құрметті қонақтарға "Алғыс хаттар" мен Желтоқсаншы куәлігі тапсырылды.

«Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының оқушыларына арнайы музей залдары бойынша тегін экскурсия

2019 жылдың 9 желтоқсан күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері Талдықорған дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының оқушыларына арнайы музей залдары бойынша тегін экскурсия жүргізді. Экскурсия барысында Жетісудың құндылықтары және Жетісу жерінен шыққан ұлы тұлғалардың мұраларымен танысып, құнды деректер айтылды.

«Ойнайық та ойлайық»

8-го декабря текущего года к 90-летию Карасайского района, сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района организовали игры в шахматы «Давайте думать и играть» среди учащихся школ района. В ходе игры, юным игрокам была поведана история шахмат, которая появилась до нашей эры более века назад. Лучшие игроки, показавшие свое мастерство в игре, были награждены дипломами.

«Әуелден өлең жырға құштар жаным»

Үстіміздегі жылдың 9 желтоқсанында Жамбыл Жабаев әдеби - мемориалды музейінің қызметкерлері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай «Әуелден өлең жырға құштар жаным» атты Жамбыл орта мектебінің оқушыларының қатысуымен жыр байқауы өткізілді. Байқауға 4-9 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты қазақтың әйгілі ақыны, поэзия падишасы – Фариза Оңғарсынованың өміріне қысқаша шолу жасай отырып, өлең-жырларын оқушыларға жаттатып білімдерін одан әрі шыңдауларына үлес қосу. Комиссия құрамының шешімімен 1-ші орынды Амантаева Айгерім, 2-ші орынды Шаштай Таңшолпан, 3-ші орынды Естай Әлібек иеленді. Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінің меңгерушісі Жамбылова Салтанат мұндай іс-шаралар болашақта үлкен деңгейде өтетіндігін атап өтіп, басқа да қатысушыларға өз алғысын білдіріп ынталандыру сыйлықтарын тапсырды.

«Қазақ елі.Тарих. Тағылым. Тәуелсіздік»

Ү.ж. 9 желтоқсанында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде Тәуелсіздік күніне орай Тәуелсіз Қазақстанның бел-белестері, бүгінгі жетістіктері және жарқын болашағы туралы деректер беретін кітаптардан құралған «Қазақ елі.Тарих. Тағылым. Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі көрермендер назарына ұсынылды.Көрме - ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасап, тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін жас ұрпаққа таныту мақсатында ұйымдастырылды.

«Іле-Балқаш өңірі - ежелгі жолбарыс мекені»

2019 жылдың 5 желтоқсан күні туған өлке табиғатының ерекшелігін, ел ырысына айналған табиғи байлығын, мекендейтін жануарлар дүниесі мен құстар, өсімдіктер әлемін насихаттау мақсатында, Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейі мен Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты мекемесімен бірлесе отырып, «Іле-Балқаш өңірі - ежелгі жолбарыс мекені» тақырыбында танымдық шара өткізді.Шарада Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты мекемесімен экскурсия нұсқаушысы Серік Әбілов, құстар мен өсімдіктердің өмір сүру жағдайы, ерекшеліктері, пайдасы жайлы түсіндіріп, жиынға қатысушы «Ақдала» орта мектебінің тарих пән мұғалімдері мен оқушыларының сұрақ-сауалдарына жауап берді.