"Тарихы сырға толы Қасиетті Қапалым"

2019 жылдың 27 қарашасында Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері жасөспірімдердің туған өлке тарихын зерттеуге қызығушылықтарын ояту мақсатында Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің 5-8 сынып оқушыларына «Тарихы сырға толы Қасиетті Қапалым» атты лекция оқыды. Лекция барысында Қапал бекінісінің құрылуы, өңірдің айшықты жерлері мен шипалы сулары туралы баяндады. Және қасиетті мекеннің сұлу табиғатының суреттері көрсетілді. Оқушылар лекциядан мол мағлұмат алды.

«Елдің күші - бірлігі»

2019 жылдың 27 қараша күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері тарихымыздың беттеріне алтын әріптермен жазылған әйгілі Аңырақай шайқасына 290 жыл толуына орай «Елдің күші - бірлігі» атты шара ұйымдастырды. Шараға ЖМУ, Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі Ө.Қуанхан, №5 орта мектеп лицейінің тарих пәнінің мұғалімі І.М.Розакова, Талдықорған агро-техникалық колледжінің тарих пәні мұғалімі Т.Т.Мұхаметова және колледж студенттері қатысты. Шарада Еуразияның ұлы даласын тұлпар тұяғымен дүбірлеткен баһадүр бабаларымыздың соғыс тәжірибесі мен заңдарын, әлем елдерінің қарулы күштерін қабылдауы, әскери жүйесін жасақтағаны туралы жан жақты деректер айтылды.

«Дара туған – дана тұлға»

26-го ноября текущего года в предверии Дня Первого Президента РК, в историко-краеведческом музее Карасайского района состоялось открытие выставки «Рожден необыкновенным и признанным», составленную из портретов, фотографий и одежды Елбасы Н.А. Назарбаева. Посетителей познакомили с работами известных художников портретного творчества, а юным гостям рассказали о 30-летней работе Н.А. Назарбаева на посту Президента РК.

"Жамбыл халықтар достығы жыршысы"

2019 жылдың 22 қарашасында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде мәртебесі биік, халық поэзиясының көшін бастап, көсемі атанған Жамбыл бабамыздың өнер жолы жайында "Жамбыл халықтар достығы жыршысы" атты тақырыпта " Қазақ бас сәулет құрылыс академиясының" 1-курс студенттеріне дәріс оқылды. Жамбыл Жабаевтың өнері мен өмірін жас ұрпаққа тереңірек түсіндіру мақсатында өткен іс-шарада студенттер өзара пікір таласып, сауал-жауап ретінде жалғастырды.

«Туған жерге тағзым»

22 қараша күні Сарқан ауданының тарихы музейінде «Музей түні» жобасы аясында «Туған жерге тағзым» атты іс-шара өткізілді. Шара барысында экспозиция бойынша «Туған жердің жусаны жұпар» атты тақырыптық экскурсия жүргізіліп, «Туған жерге тағзым» атты көрме безендірілді. Экскурсия кезінде көне Қойлық қалашығының орнынан қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған құнды экспонаттардың тарихы таныстырылып, диафильм көрсетілді.

«Терроризм адамзат баласына төніп тұрған қауіп»

2019 жылдың 22 қарашасында Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру мақсатында Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушыларына «Терроризм адамзат баласына төніп тұрған қауіп» атты лекция оқыды. Лекция барысында оқушыларға терроризмнің дүниежүзілік басты мәселе екенін,террорлық әрекеттердің белең алуы неліктен екенін, террористік ұйымдар мен діни секталардың таралуы туралы түсіндіре отырып, ақпараттық бейнероликтер көрсетті.

«Теңге -мемлекет келбеті»

Үстіміздегі жылдың 22 қараша күні Алматы облыстық М. Тынышпаев атындағы тарихи- өлкетану музейінде Ұлттық валюта күніне орай «Теңге -мемлекет келбеті» атты шара ұйымдастырылды. Шараға ҚР Ұлттық банкінің Алматы облыстық филиалының бас маман экономисті Дүйсебаева Гүлмира Күлсабырқызы мен Талдықорған қаласының № 54380 әскери бөлімінің ұжымы қатысты. Шара барысында теңгенің шығу тарихына арналған бейнеролик, теңге туралы бәрі біле бермейтін бірнеше қызықты деректер оқылып, Ұлттық банктің арнайы мерейтойларға шығарылған монеталары қонақтар назарына ұсынылды.Шара соңы «Теңгенің шығу тарихы» атты тақырыптық экскурсиямен жалғасты.

«Өшпес өмір, өлмес жыр»

20 қараша күні Жамбыл ауданының Таран ауылындағы Балғабек Қыдырбекұлы атындағы орта мектебінде «Өшпес өмір, өлмес жыр» атты айтыскер ақын Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ақын музейінің экспонаттары негізінде безендіріліп, оқушыларға экскурсия жүргізілді.

"Жылы жүрек, ыстық алақан"

21 қараша күні "Жаркент мешіті" сәулет-көркемөнер музейіне Талдықорған қаласындағы «Жігер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Жылы жүрек, ыстық алақан" атты акция аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін экскурсия жүргізілді.

«Музей түні»

2019 жылдың 19 қарашасында М.Төлебаевтың мемориалды музейінде «Музейлер шеруі» атты жалпыреспубликалық акцияны іске асыру негізінде "Мәңгілік өлмес мұра" атты музей түні акциясы өтті. «Музей түні» жобасының негізгі мақсаты –музейге жұртшылықтың назарын аударту, тарихи-мәдени мұраларға арналған бірегей шаралар мен бағдарламаларды ұйымдастыру арқылы музейдің беделін арттыру. «Музей түні» - бұл музейдің ауыз толтырарлық мәдени дәстүрлерінің бірі. Ол жастардың шығармашылығын дамытуға, ауылымыздың мәдени ортасын құруға үлкен септігін тигізеді. Лепсі ауылының тұрғындары мен қонақтары үшін аталмыш шара музей әлемімен танысуға, музей коллекциялары мен экспозициясын көруге, мәдени бағдарламаларға қатысуға және көңілді демалып қайтуға зор мүмкіндік береді. Шара бағдарламасы кешкі сағат 9-да басталып түнгі 2-ге дейін жалғасты. Бұл жолы ауыл тұрғындары мен қонақтарына музейдің қор коллекциясы негізінде құрылған көрмелер ұсынылды:...