«Есімдері ел есінде»

Ү.ж. 18 қараша күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Есімдері ел есінде» тақырыбында қазақтың белгілі жазушысы, журналист, қоғам қайраткері Ә.Әлімжановқа арналған көрме ұйымдастырды. Көрменің мақсаты: жазушының қызмет жолын, туындыларын көпшіліккке насихаттау. Көрмеге жазушының өмірінен сыр шертетін жеке заттары, кітаптары, марапаттары, фотосуреттері қойылды. Көрмені Қабанбай ауылының тұрғындары тамашалады.

«Талдықорған –Шамалған» бағыты

15 қараша күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанында халқына жолдаған жолдауында: «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасын іске асыру негізінде «Жетісу жауһарлары» атты жобасы аясында «Талдықорған –Шамалған» бағыты бойынша Талдықорған қала колледждерінің үздік студенттеріне екінші мәрте тегін экскурсиялық саяхат ұйымдастырылды.Саяхат барысында студенттер Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы, Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейі, сондай-ақ, «Анаға құрмет» және «Батыр бабалар» мемориалды музейлерін тамашалап, көптеген құнды жәдігерлерді көріп, жол бойындағы табиғи ескерткіштер, тарихи орындар, кесенелер жайлы мәліметтер алып, олардың тарихымен танысып қайтты. Саяхат соңында алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.

Үмбетәлі Кәрібаевтың 130 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысы

Қараша айының 15 күні Жамбыл ауданында Халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаевтың 130 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысы өтті. Бас жүлдені Ж. Бұлғақов, 1 орынды Жалғас Садыр, 2 орынды Сара Тоқтамысова иеленді. Үмбетәлі ұрпақтары жүлде қорынан тыс өз тараптарынан арнайы ақшалай сыйлық жасады.

"Көне тарихтың куәсі болған құнды жәдігерлерді сақтау және дәріптеу"

«Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер музейі қараша айының 15 жұлдызы күні Жаркент қаласындағы № 6 орта мектеп интернатымен бірлесе отырып "Көне тарихтың куәсі болған құнды жәдігерлерді сақтау және дәріптеу" атты конференция ұйымдастырды. Конференцияға ауданымыздың құрметті азаматтары мен тарих пәнінің мұғалімдері қатысты. Конференция соңында мектеп жанындағы музейімен Жаркент мешіті сәулет-көркемөнер музейіне экскурсия жүргізіліп, музей тарихы таныстырылды.

"Теңге- тәуелсідік нышаны"

Ү.ж. қараша айының 15-де Ұлттық валюта күніне орай І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Теңге- тәуелсідік нышаны" атты тақырыпта көрме ұйымдастырылды.Көрме жас ұрпаққа Тәуелсіздік символы-теңгенің тарихымен таныстыру және төл теңгенің шежіресімен қатар оның маңызын түсіндіріп, ақша тек айырбастау құралы емес, ол ұлттық құндылықтардың бірі екендігін ұғындыру мақсатында өтті.

«Теңге – мемлекет келбеті»

15 қараша күні Ұлттық валюта – теңге күніне орай, «Анаға құрмет» музейінде «Теңге – мемлекет келбеті» атты тақырыпта танымдық сабақ өткізілді. Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Туған жеріне, Отанына сүйіспеншілігін ояту мақсатында М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Тереңге тартқан тамыр»

14-го ноября текущего года, при поддержке Карасайского районного акимата и Алматинского областного историко-краеведческого музея им. М. Тынышпаева, к 20-летию историко-краеведческого музея Карасайского района, сотрудники музея организовали праздничное мероприятие «В глубь уходящие истоки». Мероприятие началось с показа выставки мастеров-прикладников и музеев нашего района. На праздничном концерте выступили известные певцы района, а так же победители и призеры многочисленных республиканских и международных айтысов. Также в ходе мероприятия участникам и гостям были вручены благодарственные письма, и ценные подарки.

«Ұлттық теңге - ұлт тәуелсіздігінің символы»

2019 жылдың қараша айының 15-шы жұлдызында, Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының «Ұлттық валюта күніне» орай М. Тынышпаев атындағы Қарғалы орта мектебінің 8, 9 сынып оқушыларына «Ұлттық теңге - ұлт тәуелсіздігінің символы» атты лекция өткізді. Лекция барысында төл теңгеміздің тарихы жайлы, сонымен қатар әлемдік валюталар жайлы айтылды.

"Ұлттық теңге - Тәуелсіздігіміздің нышаны"

15 қараша - Ұлттық валюта күніне орай, Шелек тарихи -өлкетану музейінің қызметкерлері ауылдық кітапхана қызметкерлерімен бірлесе "Ұлттық теңге - Тәуелсіздігіміздің нышаны" атты тақырыпта танымдық сабақ өткізді. Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айырықша белгісі - теңгемен тереңірек таныстыру мақсатында, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы әңгіме сұхбат слайд арқылы көрсетілді. Теңгенің шығу тарихы, еліміздің ұлттық валюта болып енуі туралы мәліметтер толығымен қамтылды. Оқушылар теңге жайында мол мағлұматтар алып қайтты.

«Ұстаз – ұлы тұлға»

Музей қоғам мүшелеріне, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін ғылыми-мәдени және рухани мекеме болғандықтан, мектеп, балабақша және басқа да білім ошақтарымен тығыз байланыста болып,бірлесе іс-шаралар ұйымдастырып, еліміздің жас ұрпақтарының ұлттық сана –сезімінің жоғары болып қалыптасуына және оларға патриоттық тәрбие беру бағытында жастардың мәдени білімі жоғары жақсы маман болуларына ықпал ету мақсатында « Музейдегі түн » жобасы аясында Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейінде «Ұстаз – ұлы тұлға» атты тақырыпта Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп ұстаздарымен кездесу болып өтті.Аталған іс-шара музей меңгерушісі Марал Оралбекқызының құттықтау сөзімен басталып, ары қарай жүргізуші көпшілікке ашық есік күнінің бағдарламасымен таныстырып, одан әрі жалпы музей жайлы, оның тарихы мен мәдениеттегі алар орны туралы мағлұмат беріп өтті. Шоқан Уәлихановтай дара тұлғамыздың атқарған ұлы істерін бүгінгі күні көпшілікке танытып насихатт...