"Туған жерге туыңды тік"

2019 жылдың 31 қазан күні Шелек тарихи - өлкетану музейінің қызметкерлері "Музейдегі түн" жобасы аясында, "Туған жерге туыңды тік" атты тақырыпта іс - шара ұйымдастырды. Мақсаты: көрермендердің туған өлкесіне сүйіспеншілігін, тарих, мәдениет дəстүрлері, өз туған жерінің жетістіктеріне мақтаныштық сезімдерін арттыру. Шарада мәдениет үйінің директоры Жайырбек Рахымбекұлы қонақтарға "Туған жер " əнін тарту етті. Сонымен қатар оқушылар туған жерге арнаған өз арнауларын оқыды. Шарада қол күресі мен тастаяқтан ойындар ұйымдастырылып, жеңіске жеткендер марапатталды. Музей көрермендері іс - шара туралы өз пікірлерімен бөлісіп, ыстық ықылас лебіздерін білдіріп қайтты.

"Экскурсовод-музей айнасы"

Қараша айының 1-ші жұлдызында М. Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музей қызметкері "Жас экскурсовод" үйірмесінің оқушыларына "Экскурсовод-музей айнасы" атты тақырыпта танымдық сабақ жүргізді. Сабақта оқушылар экскурсоводтың мақсат міндеттері, сондай ақ экскурсияны жүргізу мәдениеті таныстырылды.

«Путешествие по музею»

29-го октября текущего года, сотрудники историко-краеведческого музея Карасайского района провели специальную познавательную экскурсию «Путешествие по музею» для воспитанников детского сада «Сандугаш». В ходе экскурсии малышей познакомили с историей музея и различными экспонатами. Особенно внимательно и с трепетом, любознательные дети, слушали рассказ об оружии и доспехах казахских батыров.

Экскурсия

2019 жылдың 30 қазан күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері Талдықорған қаласы № 21751 әскери әуе бөлімінің сарбаздарына арнайы музей залдары бойынша тегін экскурсия ұйымдастырды.Экскурсия барысында Жетісудың баға жетпес мұраларының тарихымен танысып, көпшілік біле бермейтін аңызы мен ақиқатын тыңдап, өз өлкесі жайында маңызы мол мәліметтер берілді. Экскурсия соңында 21751 әскери бөлім командирінің атынан өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру жолында ерен еңбектері үшін музей ұжымына шексіз алғыс білдірді.

«Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру»

«М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК және осы кәсіпорынға қарасты филиалдар ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі «Мемлекеттік көрсетілген қызметттер тізілімін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және аталған өзгерістерге «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін ағымдағы жылғы 1 қарашадан бастап тізілімінен алып тасталынылуы бойынша қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін хабарлайды.

"Өнегелі өнер иесі"

Ү.ж 29 қазан күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері актер, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сағат Жылгелдиевтің 65 жасқа толуына орай Иса Исабаев атындағы өнер мектебінің оқушыларына "Өнегелі өнер иесі" атты тақырыптық экскурсия өткізді. Сағат Жылгелдиевтің өмірі мен еңбек жолы туралы айтылып, "Ақын Сара"спектаклінде Біржанның ролін сомдаған фотосуреттері көрсетілді. Сонымен қатар Біржан Салдың домбырасының фотосуреті балалардың қызығушылықтарын арттырды.

"Дала көсемдерінің қазыналары"

Үстіміздегі жылдың 29 қазанында Есік археологиялық - өлкетану музейінде Талғар қаласындағы Ф. Халипов атындағы №1 орта мектебінің 6 сынып оқушыларымен "Дала көсемдерінің қазыналары" атты әңгіме өткізіліп, музей залдарына экскурсия жүргізілді.

«Жас ақындар жырлайды»

25 қазан күні Жамбыл ауданында жетісулық айтыскер ақын Ү. Кәрібаевтың 130 жылдық мерейтойына орай «Жас ақындар жырлайды» атты облыстық айтыс ұйымдастырылды. Облыстың әр ауданынан 14 ақын қатысқан жыр додасын 400-ден аса көрермен тамашалады. Бас жүлдені Жамбыл ауданының ақыны Айым Асылбекқызы жеңіп алды. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

«Жамбылдың Мәскеуге сапары»

Қазан айының 26 күні Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Музей түні» жобасы аясында «Жамбылдың Мәскеуге сапары» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия кезінде Жамбыл Жабаевтың 1936-1938 жылдары Мәскеу қаласына барған сапары кезінде киген шапаны мен домбырасы таныстырылып, ұсынылды.

Экскурсия

2019 жылдың 27 қазан күні ҚР-ның Алматы облысы бойынша «Мемлекеттік Қызмет Істері агенттігі» ММ-нің қызметкерлері «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейіне арнайы келіп, музей экспозициясымен танысты. Экскурсиядан кейін қонақтар саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке барып, зұлмат жылдардың құрбаны болған жазықсыз жандарды еске алды.