«Тарихи сананы жаңғырту»

2019 жылдың қазан айының 25-шы жұлдызында, Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері «Музей түні» жобасы аясында «Тарихи сананы жаңғырту» атты тақырыптық экскурсия жүргізіп, қазақ халқының ХVІІ - ХVІІІ ғасырлардағы ұлттық және тұрмыстық заттары туралы «Асыл мұра» атты көрме өткізді. Сонымен қатар келген қонақтарға ауылдын тарихы туралы бейнефильм көрсетілді.

«Көне тарихтың куәсі»

Кеген ауданына 90 жыл толуына орай, Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері 24 - 25 қазан аралығында «Көне тарихтың куәсі» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрменің мақсаты: аудан тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлерді халықтың назарына ұсыну, насихаттау. Жылжымалы көрмені Алматы облысының әкімі А.Ғ.Баталов, Кеген ауданының әкімі Т.Е.Байедилов, қоғам қайраткерлері, өнер майталмандары, ғалымдар мен спортшылар, аудан халқы мен қонақтары тамашалады.

«Есімдері ел есінде»

Ү.ж 25 қазан күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Есімдері ел есінде» тақырыбында қазақ поэзиясына нәзік лирика меншыншыл сезім әкелген талантты ақын, баршақазақ оқырман қауымға танымал сөз зергері С.Қ.Иманасовтың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырды.Көрменің мақсаты: С.Иманасовтың шығармашылығын насихаттау, жасөспірім балаларды қаламгер туындыларының құндылығын түсіне білуге баулу.

Мұхаметжан Тынышпаев және оның заманы

В целях реализации статьи Елбасы Н.А.Назарбаева «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» Алматинским областным историко-краеведческим музеем имени М.Тынышпаева 25 октября 2019 была проведена научно-практическая конференция на тему: «Мухамеджан Тынышпаев и его время». На это масшатбное мероприятие, целью которого являлся поиск, всесторонее изучение, признание, популяризация и пропаганда первого профессионального инженера-железнодорожника из казахов, историко-краеведа, общественного деятеля М.Тынышпаева, пропаганда фактов касающиеся его жизнедеятельности, были приглашены зарубежные гости, потомки М.Тынышпаева, ученые-профессора, интеллигенция, журналисты. Вниманию гостей конференции была организована выставка книг библиотеки имени С.Сейфуллина «Алаш зиялыларының мұралары» и продемонстрирован отрывок из драмы с участием артистов областного драматического театра «М.Тынышпаев. Үзілген тамыр». На пленарном заседан...

Қыш ыдыстарды қайта қалпына келтіру жұмыстары

2019 жылдың 22 қазанында Есік археологиялық өлкетану музейінде «Жастар жылына» орай Есік қаласының, Бөлек, Ават, Рахат ауылдарының жас отбасылары мен жас мамандары қазба жұмыстары кезінде табылған қыш ыдыстарды қайта қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуімен таныстырылды.

Экскурсия

Қазан айының 23 -ші күні Шелек тарихи -өлкетану музейінің Сөгеті филиалына, Н. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру " мақаласының аясында, музейге "Атамекен " Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес - тренері Амирханов Ерболат жəне "Бастау бизнес " жобасының Шелек өңірі бойынша бір топ мүшелері келіп, музей ішін тамашалады. Қонақтарға зал бойынша экскурсия жүргізілді. Қонақтар музей қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, музейдің, ауылдың көркеюіне өз тілектерін білдіріп қайтты.

"Егіз жүрек"

Ү.ж. қазан айының 20 да І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Музейдегі түн" жобасы аясында І.Жансүгіровтің 125 жылдық мерей тойына орай "Егіз жүрек" атты шара ұйымдастырылды. Шара белгілі қоғам қайраткері, ақын Ілияс Жансүгіров пен жары Фатима Ғабитованың өмірі мен шығармашылықтарына арналды. Атылмыш шара "Екі жүрек-бір тағдыр" атты бейне фильмнің көрсетілуімен басталып, ақын мен оның жарының көзі тірісінде пайдаланған заттары, құжатары мен фотосуреттерінен құралған көрмемен жалғасын тапты. Сонымен қатар шара барысында "Мамания"орта мектебінің оқушылары ақынның шығармаларынан үзінділер оқыды.

«Тұғыры биік нар тұлға»

2019 жылдың 23-ші қазан күні Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Көксу ауданы Мәмбет ауылы Жылқайдар Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінде «Тұғыры биік нар тұлға» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Жылжымалы көрменің мақсаты: еңбектен бақытын тауып, туған ел мен жерге деген борышын адал атқарған, колхоз құрылысының көрнекті басшысы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновтың еңбек жолы мен артына қалдырған ұлағатты істерін насихаттау. Көрме барысында Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов ұйымдастырған шаруашылықтың алғашқы кезеңінен бастап бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы мәліметтер берілді. Көрмені тамашалаушы мектеп оқушылары, ұстаздары мен ауыл тұрғындары қызығушылықпен тыңдап, өздерін толғандырған сауалдарға толық жауап алып, өз ризашылықтарын білдірді.

«Байтақ елдің Балпығы»

2019 жылдың 18 қазанында Б.Римова атындағы облыстық драма театрында Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен халқымыздың көсемі, шешені, биі, әрі қол бастаған батыры Балпық би бабаның 325 жылдығына орай «Байтақ елдің Балпығы» атты ғылыми – тәжірибелік конференция өтті. Осыған орай М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі көрме безендіріп көпшілік назарына ұсынды. Музейдегі аса құнды жәдігерлердің бірі Балпық бидің дулығасы келушілердің айрықша қызығушылығын тудырды. Шараға облыс ақсақалдары, халық қалаулылары, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар қатысты.

«Музей түні»

2019 жылдың 21 қазан күні Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Музей түні» мәдени шарасы өтті. «Музейдегі түн» жобасы аясында қазақ балалар жазушысы Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаевқа арналған «Балалар әдебиетінің классигі» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик, көркемфильм, деректі фильм көрсетілді. Дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ сынды ойындар ойнатылып, викториналық сұрақтар қойылды. Сұрақтарға дұрыс та, қызықты жауап бергендерге сыйлықтар берілді. Келуші қонақтар музейдің экспозициялық залдарын тамашалап, экскурсия тыңдады. Толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Би алаңы ұйымдастырылып, сергіп, бимен алаңды қыздырды. Музей көрермендері ыстық ықыластарын, жылы лебіздерін білдіріп, пікірлерімен бөлісіп, рухани демалып қайтты.