Ғылыми жоба аясында Археология институтынан мамандар келді

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкерлері А. Айтбаева мен А. Құмарбаева “Жетісудың ерте темір дәуірінен этнографиялық кезеңге дейін әйелдердің метал әшекейлері: ерекшеліктері мен сабақтастықтары” жобасы шеңберінде облыстық өлкетану музейіне келді.Жобамақсаттарының бірі -ерте темір дәуірінен бастап этнографиялық кезеңге дейінгіжерлеу орындарынан табылған әйел металл әшекейлерін қазақ ұлттық әшекейлерімен салыстыра отырып, сабақтастықты анықтау және деректер базасын жинау.

Тематическая экскурсия «Ұлы дала заңдары»

29 августа в историко-краеведческом музее имени Мұхамеджана Тынышбайұлы области Жетісу в честь Дня Конституции была проведена тематическая экскурсия «Ұлы дала заңдары». В экскурсии приняли участие солдаты воинской части 21751 имени дважды Героя Советского Союза С. Д. Луганского. В ходе экскурсии были озвучены исторические факты, начиная от древних правовых традиций казахского народа и включая своды законов казахского ханство «Есім ханның ескі жол», «Қасым ханның қасқа жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы», «Қазақ елінің Уставы» Барлыбека Сырттанулы, Конституцией советского периода, и заканчивая Конституцией независемого Казахстана.

МУЗЕЙ ҚОРЫ ЖӘДІГЕРЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Музей саласының негізгі бағыттарының бірі – қор жұмысы. Ол өз кезегінде жәдігерлерді жинау, сақтау, ғылыми-зерттеу, тіркеу және есепке алу процестерін қамтиды. Жыл бойы музей қорына әр кезеңге жататын, музейлік маңызы бар жәдігерлер қабылданады. Құнды, тарихи экспонаттарды жинау – музей қызметкерлерінің әркез ізденіс нәтижесінде жүзеге асады. Жетісу облысының тарихи-мәдени қара шаңырағы саналатын Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында 26000-ға жуық экспонат жинақталған. Олардың қатарында ең көне саналатыны тас, қола, темір дәуіріне жататын тас құралдар, бағалы зергерлік бұйымдар, тұрмыстық заттар, қару түрлері, қыш ыдыстар бар. Бүгінде музей қоры тағы да жәдігерлерге толығып отыр. 18 тамыз күні Жетісу облысы, Ескелді ауданының тұрғыны Алдаберген Есенаманов Биғаш ауылынан табылған бірегей археологиялық заттарды музей қорына табыстады. Олардың қатарында ерте дәуірге жататын тас қайрақтар, қола пышақ пен қола ауыздық, садақ ұштары және тү...

Астана күніне орай облыстық музейде танымдық сабақ өтті

4 шілде күні Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде Астана күніне орай, Талдықорған қалалық №18 Б.Жолбарысұлы атындағырта мектебінің жанынан құрылған жазғы лагерь оқушыларына “Асқақтай бер, Астанам!” тақырыбында танымдық сабақ өтті. Музейге келген балаларғабейнеролик көрсетіліп,танымдық ойындар ойнатылды. Ойын барысында белсенділік танытқан оқушыларға сыйлықтар берілді.Сондай-ақ, Астананың тарихы, сәулеті, мәдени орындарытаныстыстырылды.

Жазғы демалыс лагерінің балаларына музей бойынша тегін экскурсия жүргізілді

25 маусым күні Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейіне Талдықорған қаласының әр мектебінен, сондай-ақ Ақсу, Кербұлақ, Сарқан, Көксу, Ескелді, Қаратал аудандары мен Текелі қаласынан арнайы келген 500 оқушыға музей залдары бойынша тегін экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында өткен күннің куәсі саналатын жәдігер таныстырылып, туған өлкенің тарихы, салт-дәстүрі мен мәдениеті, әр дәуірдің маңызды оқиғалары туралы мәлімет алды.

Для детей летнего лагеря продолжаются увлекательные экскурсии по залам музея

17 июня в историко-краеведческом музее имени Мұхамеджана Тынышбайұлы области Жетісу была организована экскурсия по залам музея для учащихся гимназии №12, лицея №5 города Талдыкорган, а также для школьников, специально прибывших из поселка Балпык би, Коксуский район.Экскурсия была направлена на повышение интереса школьников к истории родного края и углубление их знаний посредством знакомства с культурным наследием. Учащиеся увидели подлинные экспонаты — свидетелей прошедших эпох, и получили информацию о важных исторических событиях разных периодов.

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ КҮНІ

4 июня - День Государственных символов Республики Казахстан! 4 июня 1992 года официально были утверждены Государственные символы Республики Казахстан - Флаг, Герб и Гимн. С тех пор этот день ежегодно отмечается как День Государственных символов. В связи с этим в историко-краеведческом музее имени Мұхамеджана Тынышбайұлы области Жетісу для учащихся летнего лагеря средних школ №30 и №2 города Талдыкорган был проведён познавательный урок на тему «Государственные символы - гордость страны». Для детей были организованы викторины и проведена экскурсия по залам музея.

Жазғы лагер өз жұмысын бастады

После окончания учебного года начали работу летние лагеря для детей. 2 июня Историко-краеведческий музей имени Мұхамеджана Тынышбайұлы области Жетісу посетили 70 учащихся школы-гимназии №1 имени Абая. Учащимся была проведена экскурсия по залам музея.

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

21 мамыр - мәдениет және өнер қызметкерлері күні! Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында мәдениет пен өнер, руханият саласына елеулі еңбек еткен қызметкерлер марапатталды. Марапатты Жетісу облысының әкімі Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы өзі табыстады. Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің директоры Аязбаева Рысжан Абсеметқызына “Құрмет” ордені, облыстық музейдің бас қор сақтаушысы Тұтқабаева Қарлығаш Ерікқызына “Үздік музей қызметкері” номинациясы, облыстық музейдің редакторы Қалқаман Абдрахманұлына облыс әкімінің алғыс хаты табысталды. Ал, “Жаркент Мешіті” сәулет-көркемөнер музейі “Үздік музей” номинациясын иеленді. Мерекелік шара барысынды жылжымалы көрме құрылды. Көрмеге Жетісу өңіріндегі атақты айтыскер Бақтыбай Жолбарысұлының, Абай Құнанбайұлының домбырасы, Молықбай Байсақұлының қобызы, 2024 жылғы “Асыл домбыра” мегажобасының жеңімпаздары сыйлаған домбыра қойылды. Өнер с...

«Музей – ғасырлар сырын сақтаушы»

Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Халықаралық музейлер күніне орай Қаратал тарихи-өлкетану музейінде «Музей – ғасырлар сырын сақтаушы» тақырыбындағы мәдени-мерекелік шараға өтті! Шара барысында Қаратал ауданының құрметті азаматы, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Абылханов Айнолла Қасенұлының және балалар шығармашылық орталығының сурет көрмесі, сондай-ақ, мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф, Қазақстандағы бірқатар музейлердің негізін қалаушы Өзбекәлі Жәнібековтың өмірі мен еңбек жолына арналған көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Шараға Өзбекәлі Жәнібековтың келіні Гауһар Тазабекқызы, немересі Алижан Жәнібек, мәдениет қызметкерлері, Үштөбе қаласының тұрғындары, оқушылар қатысты. Музейге келген жасөспірімдер мен балаларға арналған Ұлттық ойындар мен шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Мерекелік шараның соңы концертік бағдарламамен үйлесін тапты.