Қонаевтың туған күніне орай музейде тақырыптық экскурсия өткізілді

Бүгін, мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың туған күні. Елдің дамуына айтарлықтай үлес қосқан тарихи тұлғаның өмірі мен еңбек жолы өскелең ұрпаққа қашан да үлгі, өнеге. Ізгілік, адамгершілік, адалдық пен парасат биігінен орын алған Димаш Ахметұлының мемлекет басқару кезіндегі ұлы істерінің нәтижесінде мемлекет әр сала бойынша үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Соның ішінде, мәдениет пен өнер де дамудың нәтижесін көрсетті. Осы орайда, №5514 әскери бөлімнің сарбаздарына «Ел үшін туған ер» атты тақырыптық экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында Дінмұхамет Қонаевтың қызметі, ел үшін атқарған игі істері, жеке қасиеттері турасында айтылды.

Казахское ханство и Орақты батыр: оплот государственности и героизма

В этом году исполняется 560 лет Казахскому ханству и 605 лет со дня рождения Орақты батыра. В связи с этим в Центральной библиотеке имени С. Сейфуллина был проведён круглый стол на тему «Казахское ханство и Орақты батыр: оплот государственности и героизма», организованный областным историко-краеведческим музеем имени Мұхамеджана Тынышбайұлы. Цель мероприятия - всесторонне рассмотреть закладку государственного фундамента в период образования ханства, историческую роль батыров, боровшихся за единство народа, а также возродить в сознании нынешнего поколения значение батыра Орақты в национальном наследии. В круглом столе приняли участие представители интеллигенции, историки и краеведы, потомки Орақты батыра, работники культуры, а также студенты кафедры истории и социально-гуманитарных дисциплин Жетысуского университета. Вступительное слово произнёс лауреат Международной литературной премии «Алаш», почётный писатель Казахстана Әміре Әрін, который...

Жетісудың жыр домбыралары

Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруыменБақтыбай Жолбарысұлының туғанына 190 жылдығына орайБикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында ақындар айтысы өтті. Игі шараға Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы облыстықтарихи-өлкетану музейі «Жетісудың жыр домбыралары» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Музей қорынан құралған көрмеге Бақтыбай Жолбарысұлының өзі ұстаған домбырасы көпшілік назарына ұсынылды. Домбыраны ақынның ұрпақтары үстіміздегі жылдың наурыз айында музей қорына өткізген болатын. Көрмеге сондай-ақ, Жетісудың дүл-дүл ақындары Сара Тастанбекқызы, Қуат Терібаев, Темірғали Рүстембеков, Қалқа Жапсарбайұлы, Айтақын Бұлғақовтың домбыралары қойылды. Көрме барысында Жетісудың айтыс өнерін ту еткен ақындардың өнегелі өмір жолы, қалдырған сөз мұрасы туралы айтылды. Айдана Айдарқызы, М.Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі

«Жер жәннаты - Жетісу» атты керуені еліміздің ірі қалаларына жол тартты

Қараша айының 3-5 күндері Жетісу облысының туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған «Жер жәннаты - Жетісу» керуені Алматы қаласынан бастау алып, Тараз, Шымкент қалаларында өз жалғасын тапты. Шара барысында Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Салих Ақбота Жетісу өңірінің ескеркіштерге бай тарихи жерлері мен мәдени орындарымен таныстырды. Бұл керуен алдағы күндері Түркістан, Қызылорда қалаларындаоблысымыздың туристік мүмкіндіктерін көпшілікке кеңінен насихатталып, өңірдің мәдени-тарихи орындары таныстырылатын болады.

МУЗЕЙДІҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Қазан айының 3-24 аралығында Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері Нұрахметов Нұрсұлтан археология саласындағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту мақсатында Солтүстік Қазақстанның ерте және ортағасырлық көшпенділердің қорғандарын зерттеу бойынша жас ғалымдарға арналған археологиялық экспедицияға қатысты. Экспедиция кезінде жер үйіндісі бар қорғандарды қазу, қабір орнын анықтап беткі қабатын тазару әдістемесін игерді. Сонымен қатар, Trimble GNSS жүйесінің көмегімен қазбаларды аэрофототүсірілім және бекіту бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі алынды. Іс-шара қорытындысы бойынша сертификат иеленді. Әлкей Марғұлан атындағы «Павлодар педагогикалық университеті» археологиялық зерттеулер институтының директоры Т.Н.Смағұлов 2026 жылы М.Тынышбайұлы атындағы Жетісу облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесіп Жетісу ескерткіштерін зерттеу бойынша археологиялық экспедиция өткізу туралы ұсынысын білдірді.

Фонд музея пополнился картинами батыров

23 октября в Областной историко-краеведческий музей имени Мұхамеджана Тынышбайұлы были переданы картины с изображениями батыров Сыпатая и Куланбая, происходящих из рода жалайыр. Подарок музею преподнесли потомки из подрода Сауік рода Сыпатай — Серик Бекмырзаевич Шегебаев и Марат Бекетович Байменкенов. Сыпатай — историческая личность XV века, известный как батыр и би, имя которого со временем стало названием целого рода. Его мавзолей находится в Шетском районе Карагандинской области. Куланбай Оразбекулы — потомок Сыпатая из подрода Сауік, жил в XVII–XVIII веках и является одной из значимых фигур, принимавших участие в освобождении Жетісу от джунгар.

Елдікке бастаған күн

25 қазан – Республика күніне орай Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Айналайын» балалар үйінің оқушыларымен «Елдікке бастаған күн» атты қайырымдылық шара ұйымдастырылды. Шара барысында ҚР Мемлекеттік Гимні орындалды. Сондай-ақ, оқушылармен викториналық ойындар ойнатылды. Шара соңында әрбір оқушыға тарихи, тұлғатану, көркем әдеби кітаптар сыйға берілді.

Восстановлены артефакты, найденные в Дауылбайском кургане

В 2023–2024 годах под руководством доктора исторических наук Д. С. Байгунакова были проведены полевые археологические исследования Дауылбайского кургана, расположенного на территории Каратальского района. В результате раскопок были обнаружены фрагменты золотых изделий, золотые бусины, золотые серьги, костяные пуговицы, бронзовые шпильки, пряжки и другие бронзовые предметы, а также керамические сосуды. В настоящее время все найденные артефакты хранятся в фондах Областного историко-краеведческого музея имени Мұхамеджана Тынышбайұлы. С 7 по 11 октября специалисты ТОО «Научно-экспериментальная прикладная археология» провели работы по реставрации находок. В ходе реставрации были тщательно удалены следы коррозии и окисления с металлических изделий, а также восстановлены фрагменты керамических и костяных предметов. Эти артефакты представляют собой бесценное наследие, раскрывающее особенности быта, верований, искусства и культуры древних эпох. Они являются не только частице...

Шоқан Уәлиханов: Тарих және тұлға

При поддержке акима области Жетісу состоялась международная научно-практическая конференция на тему «Шокан Уалиханов: История и личность», посвящённая 190-летию со дня рождения учёного, историка, этнографа Шокана Уалиханова. В конференции приняли участие доктор исторических наук из Кыргызской Республики Чолпон Джапарбеккызы Турдалиева; доктор исторических наук, главный эксперт Института истории и этнологии имени Ш.Ш. Уалиханова, кандидат исторических наук, доцент Ауэзхан Кадиржанович Шашаев; узбекский писатель, исследователь творчества Шокана – Владимир Фетисов; британский журналист и исследователь Ник Филдинг, а также кандидат исторических наук Факия Мешведенкызы Шамшиденова. В рамках конференции состоялась презентация книги Жарылкапа Бейсенбайулы под названием «Шоқан», посвящённой жизни и трудовому пути Шокана Уалиханова. В ходе встречи были подробно обсуждены этнографические исследования учёного, его труды о кыргызском и сибирском народах, а также...

МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС МӘДЕНИ МҰРАНЫ ТІЗІМДЕУ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНА ЖАСАЛҒАН ҮЛКЕН ҚАДАМ

Биылғы жылдың 22-29 қыркүйегі аралығында ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны түгендеу бойынша Жетісу облысының бірқатар аймақтарында кездесулер мен семинарлар өтті. Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы жанындағы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитетінің мүшесі Имамбек Евфрат Бағдатұлы басты спикер ретінде өлкемізге келді. Ол дәстүрлі мәдени тәжірибелерді құжаттандыру бойынша кешенді жұмыстың маңыздылығын, сондай-ақ, оларды ел ішінде де, шетелде де ілгерілетудің қажеттілігін түсіндірді. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен аталған жұмыс тобының құрамына мәдениет,спорт, туризм, білім саласының мамандары кірді.Сапар барысында қолөнер, дәстүрлі ән, жыр, терме, аңыз әңгімелер, сокралды жерлер, саятшылық, ұлттық ойын түрлерінің тізімі жасақталды. Бұл сапардың негізгі мақсаты — өңірге тән элементтер есебінен Ұлттық тізімдітүгендеу...